Өз Отаныңды, туған тіліңді, түп-тамырыңды білмейінше нағыз патриот бола алмайсың.

Н.Ә.Назарбаев

 

«АЛТЫН ГЛОБУС» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ

2016-2017 оқу жылынан бастап білім мен ғылым саласында қызмет атқарып келе жатқан орталықтың бірі. «Алтын қыран» республикалық білім дамыту және мәдени шығармашылық орталығымен бірлесе отырып, бірнеше ауқымды жобаларды жүзеге асырып келеді.

Республикамыздағы  барлық мектеп оқушылары арасында «АЙНАЛДЫМ, СЕНЕН, АТАМЕКЕН!»    І республикалық патриот жастар байқауын өткізді. Байқаудың  негізгі мақсаты еліміздің әр өңірлерінде тәрбиеленіп жатқан жастардың, мектеп оқушыларының Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, олардың  арасындағы талантты жастарды анықтап, марапаттау. Шығармашылық жұмыстарын жұртшылыққа жариялап үлгі етіп көрсету. Байқауға 9 аталым бойынша оқушылардың шығармашылық жобалары, ауылды дамытуға арналған үздік инновациялық жобалар, ғылыми жобалар келіп түсті. Байқау жеңімпаздарына «Ел үміті» төсбелгісі мен арнайы сыйлықтар, «АЛТЫН ГЛОБУС» стипендиялары, үздік педагогтарға «Үздік маман» төсбелгілері мен құрмет грамоталары, мектеп директорларына алғыс хаттар табысталды. 

 

Тәрбиешілердің және балабақша қызметкерлерінің  педагогикалық шеберлігін арттыру, үздік білім беру мамандарының жұмыстарын танымал етіп, жас тәрбиешілердің  кәсіби біліктілігін арттыру, тәрбиешінің  дарынды балалалармен және мектеп жасына дейінгі балалармен шығармашылық жұмыстарын дамыту, Тәрбиешілердің және балабақша қызметкерлерінің республикалық машстабта педагогикалық тәжірибелерімен бөлісу тәсілдерін, біліктіліктерін арттыру, заманауи білім беру жүйесіне сәйкес жаңашыл тәрбиешілерді  анықтау, ғылыми қабілеттілігін арттыру мақсатында   «БАЛА ЖҮРЕГІНІҢ БАҒБАНЫ- ХРАНИТЕЛЬ ДЕТСКИХ СЕРДЕЦ»   республикалық байқауын өткізді.

Жеңімпаздарға  жеңімпаз дипломы,  байқау жеңімпазы үшін арнайы тағайындалған «Үздік маман» төсбелгісі, естелік сыйлықтар, балабақша меңгерушілеріне алғыс хаттар табысталды. Үздік деп танылған балабақша ұжымына «Үздік балабақша ұжымы» дипломы мен арнайы алтын жазулы кубок табыс етілді.

Алматы қаласындағы «АЛТЫН ГЛОБУС» республикалық ғылыми оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, ҚР Мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдығы құрметіне орай республикамыздағы барлық балабақша бүлдіршіндері арасында тұңғыш рет қашықтықтан

«Менің сүйікті балабақшам-менің балабақшам» атты тақырыпта шығармашылық байқауын өткізді. Бүлдіршіндерге арнайы дипломдар және естелік сыйлықтар, студияда тегін ән жаздыру үшін сертификаттар табысталды.

 

Ұстаздарды  зерттеу және жобалау жұмыстарына баулу. Мұғалімдердің, тәрбиешілердің ғылыми жұмысқа қабілеттілігін, педагогикалық шеберлігін арттыру, үздік білім беру мамандарының жұмыстарын танымал етіп, жас педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру, мұғалімнің дарынды балалалармен және мектеп жасына дейінгі балалармен шығармашылық жұмыстарын дамыту,  ұстаздардың    республикалық машстабта педагогикалық тәжірибелерімен бөлісу тәсілдерін, біліктіліктерін арттыру, заманауи білім беру жүйесіне сәйкес жаңашыл педагогтарды анықтау, мұғалімдердің ғылыми қабілеттілігін арттыру мақсатында «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ, БАСТАУЫШ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР: ТӘСІЛДЕРІ МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ.

Конференция қорытындысы бойынша І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар мен естелік сыйлықтар, «Үздік баяндамасы» үшін «Әлихан Бөкейханов-150жыл», «Үздік маман» төсбелгілері табыс етілді.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, балабақша, мектеп ұстаздарының ғылыми қабілеттілігін, педагогтардың қашықтықтан өз тәжірибелерімен бөлісу тәсілдерін арттыру мақсатында  ай сайын республика көлемінде мерзімді ғылыми басылымдар жарық көреді. 2016-2017 оқу жылында төмендегі республикалық ғылыми мақалалар, ашық сабақтар мен сабақ жоспарларының ғылыми жинағы жарық көрді:

«12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДІСНАМАЛАР: МЕТОДОЛОГИЯ, ТЕОРИЯ, ТӘЖІРИБЕ» атты Республикалық ғылыми жинағы.

«БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ МЕН  ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ. ИННОВАЦИОННЫЕ НАПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ СИСТЕМ И ПЕРСПЕКТИВЫ РАЗВИТИЕ. INNOVATIVE DIRECTION OF EDUCATIONAL SYSTEMS AND DEVELOPMENT PROSPECTS»  атты  4 бөлімнен тұратын республикалық ғылыми жинағы.

«ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСС:  ПЕДАГОГТАР МЕН ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ  БІЛІМ БЕРУДЕГІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ МЕН АЛАТЫН ОРНЫ. ПЕДАГОГИКА И ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ПРОЦЕСС: РОЛЬ ПЕДАГОГОВ И ВОСПИТАТАЛЕЙ В СФЕРЕ ОБРАЗОВАНИЯ И МЕТОДЫ ОБУЧЕНИЯ. PEDAGOGY AND PEDAGOGICAL PROCESS: THE ROLE OF TEACHERS AND EDUCATORS IN THE FIELD OF EDUCATION AND TEACHING METHODS» атты 2 бөлімнен тұратын баяндамалар және ашық сабақтар мен сабақ жоспарларының республикалық ғылыми жинағы.

 

«ЗАМАНАУИ ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІ: ОҚЫТУДЫҢ ЭФФЕКТИВТІ ФОРМАЛАРЫ, ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ. СОВРЕМЕННЫЙ УЧЕБНО-ВОСПИТАТЕЛЬНЫЙ ПРОЦЕСС: ЭФФЕКТИВНЫЕ ФОРМЫ ОБУЧЕНИЯ, МЕТОДЫ И ПЕРСПЕКТИВЫ. MODERN EDUCATIONAL PROCESS: EFFECTIVE FORMS OF EDUCATING, METHODS AND PROSPECTS» атты 3 бөлімнен тұратын баяндамалар және ашық сабақтар мен сабақ жоспарларының республикалық ғылыми жинағы.

 

ҚР Мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдығы,  «Алаш» қозғалысының 100 жылдығына орай 2016-2017 оқу  жылында «ҚР Білім және Мәдениет саласындағы үздік қызметкерлердің «АЛТЫН КІТАБЫ»» республикалық энциклопедиясын   жариялап отыр. Бұл энциклопедия биыл екінші мәрте жарық көріп, көпшілікке жолт тартпақ.

Бұл  жинаққа  республикамыздың барлық өңірлеріндегі түрлі деңгейдегі байқаулардың жеңімпазы болған, педагогикалық шеберлігі мол, еңбек өтілі 5 жылдан жоғары  болған, тәжірибелі, білім саласының дамуына, сондай-ақ шәкірт тәрбиелеуде еңбек сіңіріп жүрген білім ордаларының, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің, мәдениет және кітапхана  саласының қызметкерлері енгізіледі.


 

ҚР Мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдығы,  «Алаш» қозғалысының 100 жылдығына орай 2016-2017 оқу  жылында «ЕЛ ҮМІТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫН жариялап отыр. Бұл энциклопедия биыл екінші мәрте жарық көріп, көпшілікке жолт тартпақ. Бұл  жинаққа республикамыздың түкпір-түкпіріндегі халықаралық және республикалық олимпиадалардың және түрлі деңгейдегі білім сайыстарының жүлдегерлері, көркем сөз оқу шеберлері, өнерлі жас өрендер мен спорт саласында  жетістікке жетіп жүрген мектеп оқушылары енгізіледі.

 

«АЛТЫН ҚЫРАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІЛІМ ДАМЫТУ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

(бұрынғы «Мәртебе.кз» республикалық мәдениет және білім порталы)

Еліміздің  білім сапасын арттыру, мұғалім біліктілігін көтеру, мәдениет, кітапхана, балабақша саласындағы мамандардың кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында ауқымды жобаларды жүзеге асырып келеді. 2016 жылдың қорытындысы бойынша орталығымыз үздік деп танылып,  ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы қоры мен Мемлекеттік Тілдерді дамыту қорының білім саласындағы арнайы сыйлығы мен стипендиясын иеленді.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін төмендегі шығармашылық байқаулар үздік деп танылды:

  • Республикалық «ЕҢ ҮЗДІК 20 МҰҒАЛІМ» байқауы

Еліміздің барлық өңірлерін қамтитын бұл байқау- мұғалімнің мәртебесін көтеріп, педагогикалық шеберлігін арттыруға, жаңа ғасырдағы жаңа форматтағы мұғалім келбетін қалыптастыруға  бағытталған. Байқаудың жеңімпазына 100 000 теңгелік сертификат беріледі. Әр жыл сайын жүлде қоры көбейіп отырады. Байқау жеңімпаздарына ғылыми-әдістемелік кеңестің шешімімен «Үздік маман», «Мәртебелі маман» төсбелгілері тағайындалады. Сонымен қатар, мұғалімнің жеке авторлық бағдарламаларын щығаруға сертификаттар, республика көлеміндегі ғылыми конференциялар мен мақалалардың жинағына, республикалық педагогикалық журналдарға мақала және баяндамалық жұмыстарын тегін жариялау үшін арнай сертификаттар табысталады. 2017-2018 оқу жылында жаңа форматта жаңа атаумен «Ең үздік инноватор педагог» ІҮ республикалық байқауы болып өткізілгелі отыр.

 

  • «ҮЗДІК БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІСІ» республикалық    тәрбиешілер байқауы

Байқаудың мақсаты: бала тәрбиесіндегі тәрбиешілердің алатын орны мен маңызын насихаттау, балабақша тәрбиешілерінің шығармашылық ізденісі мен қабілеттілігін дамыту.  Үздік тәрбиешілерді қоғамға таныту. . Байқау жеңімпаздарына ғылыми-әдістемелік кеңестің шешімімен «Үздік маман», «Мәртебелі маман» төсбелгілері тағайындалады. Сонымен қатар, тәрбиешінің жеке авторлық бағдарламаларын щығаруға сертификаттар, республика көлеміндегі ғылыми конференциялар мен мақалалардың жинағына, республикалық педагогикалық журналдарға мақала және баяндамалық жұмыстарын тегін жариялау үшін арнай сертификаттар табысталады.

 

  • РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ ҰЛАНЫМЫН» патриоттық байқауы

Байқаудың  негізгі мақсаты еліміздің әр өңірлеріндегі мектеп оқушыларының арасындағы талантты жастарды анықтап оларды марапаттау. Шығармашылық жұмыстарын жұртшылыққа жариялап үлгі етіп көрсету. Жасөспірімдерді  патриоттық тәрбиемен сусындатып, оларды егемен еліміздің ертеңгі тұтқасы болуға дайындау. Байқау жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар, жетекшілеріне арнайы марапаттар, мектеп басшысына алғыс хаттар, оқушыға «Ел үміті» төсбелгісі тағайындалады. Оқушының шығармашылық жұмыстары сайт беттеріне жарияланып, орталықтың тілші куәлігі беріледі.

 

  • «АЛАШ МҰРАСЫ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ» атты республикалық  байқауы

Байқаудың мақсаты: ұлтымыздың көрнекті қайраткері Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен шығармашылығын, Алаш қозғалысы өкілдері мен тарихи маңызын мектеп оқушыларының санасына сіңіру. Байқаудың барлық қатысушылары және жетекшілері алғыс хаттармен  марапатталады. Байқау қорытындысының соңында жеңімпаз қатысушылардың ең үздік жұмыстары білім порталында жарияланады.

Байқауға қатысушылардың жұмысы арнайы «Алаштың мұрасы-ұрпаққа аманат» деген атпен жарық көретін Республикалық жинаққа енеді.

 

  • «СҰЛУ СӨЗ, КӨРКЕМ ОЙДЫҢ КЕМЕҢГЕРІ» республикалық байқауы

Қазақстанның Халық жазушысы, М.Әуезов атындағы әдеби сыйлықтың, Абай атындағы  Мемлекеттік сыйлықтың, «Парасат» орденінің иегері Қабдеш Жұмаділовтың құрметіне арналған мектеп оқушылары мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері арасында республикалық шығармашылық  байқау.