Өз Отаныңды, туған тіліңді, түп-тамырыңды білмейінше нағыз патриот бола алмайсың.

Н.Ә.Назарбаев

Басты бет
ТӘУЕЛСІЗДІК - ТӘҢІРДЕН КЕЛГЕН ТӘТТІ СЫЙ!
Диплом шыгарма наминация.png

25 ЖЫЛ- ЕЛІМЕ ҚҰТ БОП ТӨРЛЕТ!

Тәуелсіздік ата бабам арманы,

Арайланған аппақ қандай таңдары?!

Мақтан етіп қазағымның елдігін,

Бейбіт күнге жыр арнаймын мен бүгін.

 

Туған жерім, тілім, дінім, дәстүрім,

Жаратқанның бізге берген сиы ғой.

Ұлтым үшін аянбауда ежелден                           

Бабаларым үлгі болған салып ой.

 

Желтоқсанның ызғарлы желі есте,

Ұмытылмас ешқашан қайсарларым.

Рухына мәңгі тағзым етеміз біз

Ербол,Ләззат, Қайраттай жайсандардың.

 

Мақтанышым мәңгілік елім менің,

Қыраныңмың көгіңде самғар сенің.

Армандарым ұштасқан өзіңменен,

Елдігімнен тарихтың ізін көрем.

 

25жыл толыпты азаттыққа,

25 жыл дамыдық көкке өрлеп.

25 жыл бет бұрдық қазақтыққа,

25 жыл- еліме құт боп төрлет!

 

Азат елдің мәңгі биік байрағы,

Қазақ елі- бейбіт елдің айғағы.

 Ештеңе де теңдесе алмас өзіңе

Туған жерім, байлық тұнған қойнауы.

 

Елім менің жүрегімнің бөлшегі,

Талмай тынбай жырлап өтем мен сені.

Жаратқанға алғыс айтам күнде мен

Елім үшін тұғыры биік, еңселі.

 

Ата-баба ізін жалғап сан ұрпақ,

Мәңгілік ел сара жолын жалғасын.

Қасиетін аманаттың ұғынып

Қыран құстай көкте еркін самғасын!

Ілмексөздер:

0 пікір

Әзірге пікірлер жоқ

Пікір қалдыру

Автордың басқа жазбалары

БӨЛІМ ТУРАЛЫ

БӨЛІМ ТУРАЛЫ

РАХЫМЖАН ВЕНЕРА ЕРЛАНҚЫЗЫ