Өз Отаныңды, туған тіліңді, түп-тамырыңды білмейінше нағыз патриот бола алмайсың.

Н.Ә.Назарбаев

Басты бет
Біздің жобалар
ЕҢ ҮЗДІК ИННОВАТОР ПЕДАГОГ-1.jpg

ЕҢ ҮЗДІК ИННОВАТОР ПЕДАГОГ

  Алматы қаласындағы «Алтын глобус» Республикалық ғылыми оқу-әдістемелік орталығы мен «Алтын қыран» Республикалық білім дамыту және мәдени шығармашылық орталығының қолдауымен  жыл сайынғы дәстүрлі түрде республика  ұстаздарының  арасында өткізіліп келе жатқан үздік жобалардың бірі         IV Республикалық «ЕҢ ҮЗДІК ИННОВАТОР ПЕДАГОГ» байқауын жариялайды (бұрынғы «Ең үздік 20 мұғалім» байқауы). 2017-2018 оқу жылында төртінші мәрте өткізілгелі отырған байқауға өтініштер 2017 жылдың қазан  айынан бастап қабылданады. Еліміздің барлық өңірлерін қамтитын бұл байқау- мұғалімнің мәртебесін көтеріп, педагогикалық шеберлігін арттыруға, жаңа ғасырдағы жаңа форматтағы мұғалім келбетін қалыптастыруға, білім саласына жаңа инновация енгізуге  бағытталған. Байқаудың жеңімпазына қомақты қаржылай жүлделер мен сертификаттар табысталады. 

 

«АЛТЫН ҚЫРАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІЛІМ ДАМЫТУ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ,  «АЛТЫН ГЛОБУС» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСІМЕН БЕКІТІЛГЕН

 

2017-2018 оқу жылына арналған

IV Республикалық «ЕҢ ҮЗДІК ИННОВАТОР ПЕДАГОГ»

 БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері

  • Өз маманының майталманын анықтау, республика бойынша келген білім беру салаларының мамандарының ішінен ең үздігін анықтау;
  • Педагогикалық тәжірибе жинақтау және кеңейту, білім ордаларындағы мұғалім мәртебесін көтеру;
  • Сайысқа қатысушылар байқауға қатыстыраа отырып, республикалық машстабта өздерінің педагогикалық тәжірибелерімен бөлісу тәсілдерін, біліктіліктерін арттыру;
  • Заманауи білім беру жүйесіне сәйкес жаңашыл педагогтарды анықтау.

2. Байқаудың өту тәртібі

  • Байқауды өткізу және ұйымдастыру ісімен ұйымдастыру алқасы айналысады. Ұйымдастырушы қатысушыларды тіркеуді, жұмыстарды сараптауды, қорытынды шығаруды, марапаттауды жүзеге асырады.
  • ЖОО-ның  профессорлары мен ғылым кандидаттарынан, сонымен қатар ұйымдастыру алқасының өкілдерінен  арнайы ғылыми-әдістемелік кеңес құрылып әр кезең жеңімпаздары анықталады.
  • Әділ қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.
  • Байқауға жіберілген материалдар мен жұмыстар кері қайтарылмайды.
  • Байқаудың марапаттау рәсімі жеңімпаздар анықталған уақыттан кейін он күн ішінде жүзеге асырылады.
  • Байқауға кез-келген білім ордаларының педагогтары, балабақша тәрбиешілері, педагог-психологтары қатыса алады.
  • 2-қосымша
  •  
  • 3. Байқаудың кезеңдері
  •  
  • Байқау 3 кезеңнен тұрады.  Әр кезеңнің тапсырмалары ғылыми-әдістемелік кеңестің шешімімен бекітіліп, дайындалады.
  • Әр кезеңде жұмыстары үздік деп танылған мұғалім үшін арнайы номинациялар тағайындалады.
  • Байқауға өтінішті арнайы толтырылу үлгісі жазылған парақшамен жібереді.
  • Байқаудың І кезеңінің тапсырмалары байқауға қатысу туралы өтінішпен бірге жолданады.
  • 4. Байқау тапсырмалары
  •  
  • 4.1.     І кезеңнің тапсырмалары
  • мұғалімнің жеке портфолиосының электронды нұсқасы.
  •                     Портфолио құрылымы төмендегідей болу тиіс: 1) титул парағы; 2) қатысушы анкетасы(жалпы мәлімет); 3) еңбек биографиясы(бұл бөлімге еңбек еткен уақыттары және лауазымдары, ғылыми мақалалар тізімі, саны т.б., жетістіктерін растайтын құжаттары, грамоталары, сертификаттары т.б).
  • өзі жоғары деңгейде деп есептейтін 1 сабақ жоспары және оның өту барысы туралы фотоесеппен бірге жолдауы тиіс.
  • Бұрын басылым беттерінде жарияланбаған мақала (имидждік, ғылыми, басқа білім беретін пәндер саласы бойынша т.б).
  • Оқушылармен мұғалім, бала мен тәрбиеші арасында жүргізілген шығармашылық жұмыстардың материалдары (фотолары, әдістемелік құралдары (болса)). Қандай форматта жіберетінін қатысушы өзі шешеді.
  • Ескерту:  құжаттарды жібергенде реттіліктерді сақтай отырып жіберіңіздер. Қойылатын бағаның жоғары болуына әсер етеді.

                І кезеңді бағалау төмендегіше жүргізіледі:

               Аталған критерийлер бойынша жұмыстар сарапқа салынып, екінші кезең қатысушысы анықталады.   Жоғарғы ұпай- 100 ұпай. Екінші кезеңге өту үшін 50 ұпайдан асуы тиіс. 

 

    4.2.     ІІ кезеңнің тапсырмалары

  • Екінші кезеңге жолдама алған мұғалімдерден арнайы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану факультеті, «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының жанындағы «Психологиялық инновация және технология» орталығы тағайындап бекіткен «Педагогика. Психология. Заң» саласы бойынша тест тапсырмалары алынады. Сонымен қатар арнайы ситуациялық жағдайларға байланысты тапсырмалар беріледі. Тест нәтижесі бойынша ІІІ кезең қатысушылары анықталады.  Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша қатысушыларға  педагогикалық және психологиялық тесттен өткендігі туралы психологиялық орталықтың арнайы сертификаттары тағайындалады. Сертификатты алам деген қатысушы төлемақысын төлеп ала алады. Сертификат біліктілікті арттыру және санат алу үшін жарамды болып табылады. Тапсырмалар  қатысушыларға толық түсіндірмемен жеке-жеке жолданады.

4.3. ІІІ кезеңнің тапсырмалары

  • ІІІ кезеңге өткен қатысушылар Қанипа Бітібаева атындағы республикалық ғылыми-әдістемелік зертханасы бекіткен тапсырмаларды орындап жібереді. 
  •  Қатысушылырға  арнайы тақырыптар беріліп, сол тақырыптың біреуін таңдай отырып әр мұғалім  жаңа педагогикалық технологияларды қолдана отырып бейнеролик түсіреді.  Бейнероликті түсіру шарттары мен бағалану ережелері ІІІ кезең басталғанда жарияланады.

 

4.4. ІV ақтық кезеңнің тапсырмалары

  • Байқаудың ақтың сыны Алматы қаласында  ең үздік инноватор педагогтардың арасында өтеді. Қатысушылар Алматы қаласына шақырылады. Тапсырмалар сол уақытта хабарланады.
  •  
  •  
  • Қатысушы үміткерлердің жұмыстары  altynglobus.kz@mail.ru                                                                 электронды почтасына қабылданады.
  • 5. БАЙҚАУДЫҢ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ
  •  
  • І кезеңнің қатысушыларына республикалық байқауға қатысқандығын растайтын сертификат беріледі. Сонымен қатар диплом табысталады. Екінші кезеңге өткен қатысушыларға жолдама беріледі.
  •  
  • Байқаудың қорытынды марапаттау рәсімі Алматы қаласында өткізіледі. Байқаудың ақтық кезеңіне өткен қатысушылар «Алтын кітап» энциклопедиясына енгізіледі және республикалық ғылыми-педагогикалық журналдың бір саны арнайы жеңімпаздарға арналатын болады. Мектеп директорының атына арнайы алғыс беріледі.  

Бас жүлде (1) - диплом,  байқау үшін арнайы тағайындалған «Инноватор педагог» төсбелгісі  және бас жүлде иегеріне арналған кубокпен марапатталады. Сонымен қатар 100 000 теңге  сыйақы тағайындалады.

І орын(1)- диплом,  байқау үшін арнайы тағайындалған «Үздік маман»      

төсбелгісі, естелік сыйлық; 

ІІ орын(2)- диплом,  байқау үшін арнайы тағайындалған «Мәртебелі  

маман»  төсбелгісі естелік сыйлық;

ІІІ орын(3)- диплом,  байқау үшін арнайы тағайындалған Мәртебелі  

маман»  төсбелгісі естелік сыйлық;

 Алғыс хат (3)- диплом, ғылыми мақаласы жарияланған жинақ, естелік 

сыйлық.  

Арнайы жүлделер:

  • «Алтын глобус» жүлдесі (тағайындаушы: «Алтын глобус»      
  • республикалық ғылыми, оқу-әдістемелік орталығы).
  • ҚР Еңбегі сіңген педагогы, «Құрмет» орденінің иегері Қанипа Бітібаева   атындағы арнайы жүлде: «Қанипа Бітібаева» төсбелгісі (тағайындаушы: Қ.Бітібаева атындағы республикалық ғылыми зертханасы және «Алтын глобус» республикалық ғылыми, оқу-әдістемелік орталығы).
  • «Қазақ университеті» баспа үйі атынан арнайы сертификаттар
  • табысталады.
  • Орталықтың арнайы номинациялары тағайындалады.
  • Байқауға қатысу үшін 6000 тг көлемінде төлемақы төленеді. Төлемақы Халық банкі арқылы немес Қазпочта арқылы жүзеге асырылады.
  • Төлемақының мақсаты: Республикалық «Ең үздік инноватор педагог» сайысы. Төлемақы жіберуші түбіртекті сканерлеп, байқауға қатысу өтінішімен бірге жолдайды.


Біздің реквизит: 

Банк атауы: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ; БИК: HSBKKZKX   

«Алтын қыран» Республикалық білім дамыту және мәдени     

шығармашылық орталығы» ЖШС

       БИН/ИИН: 151040022578

KZ396010131000249601-KZT

Кбе-17

КНП-861

 

Қосымша: Байқауға жіберілген ғылыми баяндамалар мен мақалалар Республикалық ғылыми жинақта жарияланады. Жинақты алу құны- 4000 теңге.  Сертификаты тегін беріледі. Алам деушілер үшін байқау жарнапұлымен бірге аударылуы тиіс.

 

Қатысу үшін төлем жасау жөнінде және байқауға қатысты туындаған сұрақтар бойынша қосымша ақпарат алу телефондары:  8775-140-99-88 (Уатсап желісі арқылы сауалдарын жазса болады);  8702-981-29-64.

 

Байқауға қатысу үшін ҰСЫНЫС беру үлгісі:

 

IV Республикалық 

«Ең үздік инноватор педагог» байқауының 

ұйымдастыру алқасының төрағасы

Шүйіншәли А.С. мырзаға

___________________________

________________________

Ұсыныс

(Облыс, қала, аудан, ауыл)-ындағы №----- мектептің -----------------------

пәнінің мұғалімі ---------------------------------------

IV Республикалық  «Ең үздік инноватор педагог» байқауына қатыстыруыңызды сұраймыз.

 

IV Республикалық «ЕҢ ҮЗДІК ИННОВАТОР ПЕДАГОГ» байқауына

қатысушы педагог анкетасы

Аты – жөні
 
Туған күні, айы, жылы
 
Мекен – жайы, индекс (қатесіз)
 
Жұмыс орны
 
Мекеме басышсының аты-жөні: 
 
Еңбек өтілі
 
Жетістіктері
 
Электрондық поштасы
 
Байланыс номері
 
Сапалы фото суреті (міндетті)
 

 

Мектеп директоры/ 

директордың оқу жұмыстары

 жөніндегі орынбасары                          ___________  (мөр орны)

Ілмексөздер:

0 пікір

Әзірге пікірлер жоқ

Пікір қалдыру

Қызықты жазбалар

Автордың басқа жазбалары

БӨЛІМ ТУРАЛЫ

БӨЛІМ ТУРАЛЫ

РАХЫМЖАН ВЕНЕРА ЕРЛАНҚЫЗЫ