Өз Отаныңды, туған тіліңді, түп-тамырыңды білмейінше нағыз патриот бола алмайсың.

Н.Ә.Назарбаев

Басты бет
ТӘУЕЛСІЗДІК - ТӘҢІРДЕН КЕЛГЕН ТӘТТІ СЫЙ!
Диплом шыгарма наминация.png

МЕНІҢ ЕЛБАСЫМ – МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ

Жоспары:

I.Кіріспе бөлім
А)Қазақстан  - тәуелсіздік мекені:

II.Негізгі бөлім:
А)Елбасым – мақтанышым

Ә)Алтын қазыналы ел
III.Қорытынды бөлім:

А)Тамыры терең бәйтерек

Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, бүгінде әлемге танылды. Оған биыл жиырма бес жыл толып отыр. Қазақстан Республикасы байда бақытты. Осындай мемлекетте тұратын бізде бақыттымыз.Біз бұл күнді айрықша есімізге сақтаймыз және онымен мақтанамыз.Сөз жоқ, бұл күн Қазақ елі үшін ұлы күн. Бұл елбасының, елдің бірлігі, достықтың нәтижесі. Ия, бұл – Менің Қазақстаным. Өз отанын жақсы көретін ұлан ретінде еліміздің өркендеп өсуіне - намысшыл, ізденімпаз, тәрбиелі, білімді, жігерлі, елжанды азамат болып өсу менің ең басты мақсатым.Сол үшін үнемі ізденіп, талпыныс үстінде жүремін.Мұғалім мектепте бізді болашақта жақсы азамат болуымыз тәртіп, білім-ғылыммен байланысты екендігін түсіндіреді.Мен сол үшін де жақсы оқимын.Атам маған балам ақылды, алғыр білімді, бақытты  болу үшін кітап оқы, барлық жақсылықтың бастауы кітапта деп айтып отырады. Анам атамның сөзін растап президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев «Кітап – ең сабырлы ұстаз. Кітап қана барлық нәрсенің ара жігін айнытпай танып білуге үйретеді.Кітапты аялайық, құрметтейік, кітапқа адал болайық!- деп айтқан жақсы сөзін оқып берді.Сол сәттен кейін – ақ менің кітапқа, ондағы жазылған жақсы сөздерге деген қызығушылығым басталды. Бірде менің қолыма «МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН»деп аталытын Нұрсұлтан атамыздың кітабы  тиді.Мектепте өткен алғашқы қоңырау салтанатты жиынында бұл кітаптың берері мол, президентіміздің мектепке алғаш барған балалар үшін сыйлық кітабы екендігі айтылды.Ол кітапты оқып көргенше,қолыма ұстағанша асықтым.Ақыры ол кітап қолыма түсті.Өйткені бірінші сыныпқа барған інім ол кітапты үйге қуанышпен алып келді.Біз отбасымызбен бұл кітапты талқылап оқыдық. Осы кітап арқылы мен Отанымыз туралы көп мәлімет алдым. Біздің Отанымыз Қазақстан оның тарихын, онда көп ұлттар тұратынын олар тату-тәтті өмір сүруде екендігін білдім.Елордамыз Астана неткен сұлу,неткен ғажап.Әсемдігі таңдай қақтырады.Қазір Астана береке мен бірліктің ордасына айналды.Кітапты парақтап отырып шіркін отбасымызбен осы әдемі көшелерде,әсем ғимараттарды бірге тамашаласақ қой деп те армандап қоямын.Өйткені кітапты оқу арқылы қиялыма қанат бітті.Кітап сөремнен орын тапты.Күніне бір-екі рет оқып,қажетті материалдарды сабағыма пайдаланамын.Сосын әдеттегідей досымның суретіне қарап сырласып,бір күндік жұмысыма есеп беремін.Ештеңе жасырмаймын,шын сөзімді айтам.Менің ең басты жұмысым сабақ оқу,қолым қалт етсе отбасыма көмектесу.Жұмысымның өнімділігімен досымды қуантам.Елбасы тек жақсы бол, жаман әдеттен аулақ бол деп тұрандай.Жүзі жайдарлы.Сондықтан да досымның жүзіне кірбің салғым келмейді.Мен жақсы азамат болып өсуге өзімді тәрбиелеп жатырмын.Мен ауыл, мектеп кітапханасына барып кітап алып оқып отырамын.Онда кітапханашы апайлар еліміз тәуелсіздік алған жылдардан соң жазылған кітаптардың реті орналасқан бөлімін бізге таныстырды.Елбасының өзі жазған туындылары бір төбе.Кітапханашы апай бұл кітаптар арқылы білім алғысы келетін барлық балалар үшін үлкен мүмкіндік деп түсіндірді. Кітапты түсініп оқыған бала білімпаздыққа  бастау алады. «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез»,- деп дана Абай атамыз айтқан екен. Демек өмірін мен сияқты балалардың білімді, тәрбиелі болсын деп армандаған аталарымыздың арманы орындалған шақта өмір сүріп жатқан біз бақытты ұрпақпыз. Нұрсұлтан атамның бұл кітабынан  елдің қазіргі жайын, біздің болашағымыз жайлы ой-арманын танып білдім.            Отанын, елін жақсы көру арқылы халық  қалаулысына айналған менің тұңғыш – президентім.Әрбір Қазақстандағы мен сияқты балаларға жас дос деп  қарап мейірлене күліп тұрғаның, ешкімді жатсынбайтын  нағыз д о с  деп  ұғындым.Президентімізді кітапқа теңеуім теледидардан, газет - журналдардан, кітаптардан елі үшін қаншама еңбек жазып қалдырса да шаршамай алға жүруі, болашаққа сенуі.Елбасы нағыз еңбеккер,сегіз қырлы, бір сырлы; ақжарқын, қажырлы жан. Ол  біздің қауіпсіз, жайлы өміріміз үшін еңбек етуде. Елбасының өмірі бізге өнеге.Ендеше, бәріміз елбасындай салауатты өмір салтын ұстанып, сергек, анық ойлы болсақ, көп жетістікке жетеміз.Тәуелсіздік байлығымыз, бақытымыз.Мәңгілік тәуелсіздігімізді сақтаймыз, қорғаймыз. Менің елбасым тамырын тереңге жайған байтерек болса, біз оның жайқалған жапырақтарымыз. Елбасы – біз үлгі тұтатын тұлға! Президентіміз бізді жас дос деп өзіне жақын тартса – достыққа  адал болайық тәуелсіз елдің жас ұландары.Достықты жоғары бағалайық.Елбасы салған нұрлы жол- мәңгілік елдің мұратына жалағсын.

Ілмексөздер:

1 пікір

Кайсар 18.11.2017 14:04

елбасымыз жасасын

Пікір қалдыру

Автордың басқа жазбалары

БӨЛІМ ТУРАЛЫ

БӨЛІМ ТУРАЛЫ

РАХЫМЖАН ВЕНЕРА ЕРЛАНҚЫЗЫ