Өз Отаныңды, туған тіліңді, түп-тамырыңды білмейінше нағыз патриот бола алмайсың.

Н.Ә.Назарбаев

Басты бет
Оқушы үшін
Безымянный-1-1.jpg

Менің өз ауылым!

Менің ауылым өте керемет!  Ауасы ,табиғаты өте керемет  !Менің ауылымӘйтеке би кенті ,Қызылорда облысы ,Водакачка елді мекені.Өзінің атынан да белгілі  теміржолдарға  су таратып отырады. Ауылымызда 4 жылдық мектебіміз бар. «Қарашеңгел »бастауыш мектебі, Жалаңтөс батыр ауылына қарайды.Осы мектепің 3-ші сыныбының оқушысымын.Менің мектебімнің ерекшелігі1-4 сыныптар бірге араласып оқиды.Онда Анар апай мен Гулжамила апай сабақ береді.Менің апайларымның берген білімі мен тәрбиесін алып,қаншама оқушылар жақсы маман иелері болып шықты.Менің ауылымның табиғаты әсіресе жаз мезгілінде өте әдемі болады.Айналаға қарасаң, жап-жасыл кілем төсеп қойғандай. Қаладағыдай көлік көп жүрмегендіктен бе, әйтеуір шаң көп болмайды. Ауылымның топырағына  аунап-қунап ,бір құмарымыз қанбай,достарыммен бірге ойнаймын.Көктем мезгілінде есік алдына қауын- қарбыз,қияр,қызанақтарын егеді.Қысқа дайындап, аналарымыз оларды тұздайды.Ал ,ең кереметі қыс мезгілінің соңғы айында ешкі-қойлар төлдеп,үйге жылы жерге кішікене қозы-лақтарды тасимыз .Олар еркелеп ойнақтайды,олармен ойнаған өте қызық.Төлдер өте сүйкімді.Жаздыгүні анам далаға ошаққа тамақ пісіреді.Далаға піскен тамақтың дәмі тіл үйіреді.Менің ауылым Сырдарияның  жанында орналасқан.Оның балықтарын аулап,саяхаттауға  арнайы көптеген қалалардан  адамдар келеді.Көктем мезгілі шыға бастағаннан  Қазалыдағы мектеп оқушылары да келіп,саяхаттайды.Үлкендердің айтуынша Сырдарияның балығының дәмі өте  ерекше көрінеді.Және мен білетін ауылымның тағы бір кереметі бар.Менің үйіме жақын жерде күріш өсіріледі.Онда «Жалаңтөс  батыр »  ауылының ағалары келіп,егін егеді.Олар біздің үйге келіп тұрады. Себебі:Менің әкем Серік сушы болып жұмыс істейді. Бұл жұмыс атамнан бастап ,келе жатқан екен.Күрішке су ашып жібереді.Сөйтіп ағалар күрішті суарады.Жақын маңда  көбінесе қыс айларында көрші ауылдың түйелері  келіп,біздің үйдің қасындағы каналдан су ішіп кетеді.Әріректе ауылымның жылқылары келіп,су ішуге келеді.Ауылымның көрінісі өте керемет.Айтып,жеткізуге сөзім жетпейді.Бұл көріністі өз көзіммен көріп,күнде тамашалаймын.Шіркін,менің ауылыма тең келер, жер жоқ шығар .Дегенмен  айтады ғой аталар! «Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас!»-деп.Әркімнің өз елі өзіне керемет шығар.Мен каникульға  шыққан соң,үнемі туыстарыма қыдырамын.Онда балмұздақтың түр-түрлерін жесем де ,ойынның неше түрлерін ойнасамда 2-3 күннен соң-ақ ауылымды сағынып,әзер шыдап,үйге қайттқым кеп тұрады.Мен өскенде әкім болғым келеді.Бірақ анам менің дәрігер болғанымды қалайды.Егерде мен дәрігер болсам тек қана адамдарды емдеймін ғой. Ал әкім болсам:ең бірінші жолымызды жөндер едім,сонан соң мектебімізді  үлкейтіп,көркейтуге барымды салар едім.Және емхана салдырар едім. Мұғалімім айтқандай ,ойыма  түйгенім,әуелі мақсатыңа жету үшін білімді болу керек екен.Осы үшін мен сабағымды да жақсы оқып жүрмін.Мен өзімнің туған жерімнің көркеюіне  үлесімді қосамын.Мен туған жерімнің табиғатын, ауасын,жан-жануарын, балығын,күрішін мақтаудан еш шаршамаймын. Менің туған ауылым бай .Сонымен қатар кең байтақ даласы жатыр.Осы кең жатқан ауылымды көркейтуге үлестерін қосуға достарымды да  шақырамын.

Молдахмет Нұрхат

Қызылорда облысы, Әйтеке би ауданы,  Қ.Пірімов атындағы №103 орта мектепке қарасты,«Қарашеңгел»бастауыш мектебінің 3-сынып оқушысы

Ілмексөздер:

0 пікір

Әзірге пікірлер жоқ

Пікір қалдыру

Қызықты жазбалар

Менің туған өлкем

Менің туған өлкем

Туған өлкем - тал бесігім!

Менің өз ауылым!

Автордың басқа жазбалары

БӨЛІМ ТУРАЛЫ

БӨЛІМ ТУРАЛЫ

РАХЫМЖАН ВЕНЕРА ЕРЛАНҚЫЗЫ