Өз Отаныңды, туған тіліңді, түп-тамырыңды білмейінше нағыз патриот бола алмайсың.

Н.Ә.Назарбаев

Басты бет
Таңдаулы тұлға
3zcu8P.png

ОМАРБАЕВ КИЗАТ СУНДЕТОВИЧ

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Сарытерек селосы,  Жабас Кеңесбаев атындағы ЖОББ мектебінің физика пәні мұғалімі

Омарбаев Кизат Сундетович – өз ісін жетік меңгерген, өзінің ұстаздық еткен жылдарында үнемі оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде үлкен нәтижелерге қол жеткізіп келе жатқан ұстаз. Мұғалім әрбір сабағын жан-жақты, шығармашылық ізденіспен, жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, үнемі жоғары деңгейде өткізуге машықтанған.  

Соның нәтижесінде соңғы 3 жылда өзі сабақ беретін сыныптарда  үлгерім -100% болып, білім сапасы физика пәні бойынша 60%-дан 66%-ға дейін көтерілген. Ал соңғы 3 жылдағы ҰБТ-дан физика пәні бойынша сапа 2011/2012 оқу жылында - 66,6%, 2012/2013 және 2013/2014 оқу жылдары- 100% болды. 2010/2011 оқу жылында  Манат Сымбат ҰБТ-дан /таңдау пәні физика/ 100% білім сапасын көрсетіп, «Алтын белгі» иегері атанды. Оқушылары аудандық, білім олимпиадаларына үздік нәтижелерге жетуде, 2011/2012 оқу жылы ІІІ орын  2012/2013 және 2014/2015 оқу жылы ІІ орынды иеленді. 2014 жылы Халықаралық сырттай олимпиадаға Ақжолтай Аяжан, Келісім Нұртас, Ақжолтай Дастан қатысып, 2 орын иеленді..  Оқу – тәрбие ісіне шынайы жанаршырлық танытатын  ұжымдағы ең озық ұстаздардың бірі. «Сабақ-KZ » сайтына сабақ жоспары жарияланды. Мектепте, ауданда өткен педагогикалық оқулар мен ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға да белсене қатысып, соның нәтижесінде 2013 жылы  Мектеп әкімшілігінің тарапынан мадақтама қағазымен марапатталды. 2009 жылы «Білім беру жүйесін дамытуға  қосқан  жеке  үлесі  үшін» Облыстың білім беру департаментінің алғыс хатымен, 2011 жылы «Тақпыр сынып жетекші жүлдесін жеңіп алған үшін» , 2013 «Шебер ұстаз жүлдесін жеңіп алған үшін» мектеп әкімшілігінің мадақтамасымен марапатталды. Халықаралық сырттай олимпиадаға оқушыларды дайындаған үшін алғыс хат және қуәлік берілді.

          Омарбаев Кизат Сундетович шығармашылығы мол, іздемпаз, өз пәнін жетік меңгерген, оқушылармен жақсы тіл табыса алады, сол арқылы оқушыларды толғандырып жүрген мәселелерді, қиындықтарды дер уақытында біліп, олардың көңіл күйлерімен

санаса тырып, ерінбей еңбек етіп келеді. Мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар арасында беделді, жауапкершілігі мол, өз қызметінің кәсіби маманы.

Ілмексөздер:

1 пікір

amal 26.04.2018 18:03

«Сабақ-KZ » сайтына сабақ жоспары жарияланды.

Пікір қалдыру

Қызықты жазбалар

Автордың басқа жазбалары

БӨЛІМ ТУРАЛЫ

БӨЛІМ ТУРАЛЫ

РАХЫМЖАН ВЕНЕРА ЕРЛАНҚЫЗЫ