Өз Отаныңды, туған тіліңді, түп-тамырыңды білмейінше нағыз патриот бола алмайсың.

Н.Ә.Назарбаев

Басты бет
Мұғалім үшін
ҚазҰУ фото.jpg

ҚАЗҰУ- ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ЭЛИТАСЫ

Елбасымыз өзінің кезекті Жолдауында «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін, біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек»,-деп айтылғандай, еліміз бәсекеге қабілетті көшбасшы елдердің қатарына сапалы да сауатты біліммен енуді көздеуде. Осы орайда Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан да сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет ауыр»-деп атап кеткендей, еліміздің ертеңі үшін саналы да салауатты, рухани жан дүниесі бай сауатты ұрпақ тәрбиелеуде Жоғарғы оқу орындары мен  білім саласының қызметкерлері яғни оқытушылар мен н тәрбие жетекшілер қауымы аталған міндеттердің биігінен көріну үшін аянбай тер төгуде.

Заман талабына сай, бәсекеге барынша қабілетті мамандар даярлау ісінде қашан да қара шаңырақ Қазақ Ұлттық университетінің орны ерекше. Іргетасының қаланғанына қаншама жыл уақыт өткен киелі білім ордасы кез-келген қырынан алып қараса да өзге оқу орындарынан оқ бойы озық тұратын көшбасшы білім ұясы.  Ғажайыптардың ғибратханасына айналған университет, бұл күнде әлемдік ЖОО-ның рейтингісінде ауыз толтырып айтарлықтай жетістікке ие. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ерекше мәртебесі бар Қазақстанның жетекші, әрі әлемдік білім нарығындағы бәсекеге қабілетті, әлемдегі ең үздік университет арасында ерекшеленген оқу ордасы. 

Дарындылар мен таланттылардың басын бір арнаға тоғыстырып, нағыз студент феноменін қалыптастыра білген сыйластық пен шынайы достықтың мекені. Студенттің қоғамдағы орнын тауып, сапалы кадр ретінде білім жетілдіріп, шет елдің үздік ЖОО-мен озық тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндіктер сыйлайды.

Оқытушы-порфессорлық құрам бойынша өзге оқу орындарынан көш ілгері келе жатыр. Заманауи жаңартылған білім мазмұнына сай білім беруде, Еуропалық стандартқа сай білім беру үдерісі бойынша бакалавр, магистрант, докторанттар даярлауда үздіксіз сапалы қызмет көрсетіп келе жатыр. ҚазҰУ-де өткен әрбір студенттік жылдар мен педагогикалық еңбек жылдары адамның ең бақытты әрі қайталанбас өмір белестері десе болады.

Тоқсанбаева Нұргүл Қорғаджанқызы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану факультеті, «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының оқытушысы, психология ғылымдарының докторы, профессор.

Ілмексөздер:

0 пікір

Әзірге пікірлер жоқ

Пікір қалдыру

Қызықты жазбалар

Автордың басқа жазбалары