Өз Отаныңды, туған тіліңді, түп-тамырыңды білмейінше нағыз патриот бола алмайсың.

Н.Ә.Назарбаев

Басты бет
ЖАҢА ЕСІМ
iDf0rH.png

РАХЫМЖАН ВЕНЕРА ЕРЛАНҚЫЗЫ

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы

«С.Сейфуллин атындағы гимназия» КММ

3-сынып оқушысы

Оқу үздігі. Мектеп мақтанышы. 2016-2017 оқу жылында көптеген сайыстарға қатысып, толағай табыстарға жетті. Халықаралық, республикалық, қалалық, мектепішілік байқаулардың жеңімпазы.  «Сәтбаев – құт мекенім» атты жобасы Республикалық дарынды және талантты жастарға арналған www.zhas-daryn.kz интернет ресурсында жарияланған.

«Еуразиялық Гендік қор» ғылыми-өндірістік білім беру орталығы ұйымдастыруымен өткізілген Республикалық «Су моншақ өнері» байқауының жеңімпазы атанып, I дәрежелі дипломымен марапатталған.  Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының қолдауымен «ЭРУДИТ» интеллектуалды білім порталының ұйымдастыруымен өткен Республикалық «Мен сені сүйемін - Қазақстан» байқауының «Елім деп соққан жүрегім» атты номинациясына қатысып, ерекше шығармашылық дарынымен көзге түскені үшін

II  дәрежелі дипломмен марапатталды.  Сондай-ақ,  III Республикалық «Тәуелсіз ел ұланымын» патриоттық байқауының жеңімпазы (III орын). «Мәртебе.кз» РМБП  ұйымдастыруымен өткен «Айналдым, сенен, Атамекен!» I Республикалық патриоттық жастар байқауының «Туған өлке туралы үздік бейнеролик» аталымының жеңімпазы атанып I дәрежелі дипломымен марапатталды. ҚР  Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген «Тәуелсіздік – тұғырым!» атты қалалық мәнерлеп оқу сайысына өзінің авторлық өлеңін ұсынып, III орынға ие болды.

Ілмексөздер:

0 пікір

Әзірге пікірлер жоқ

Пікір қалдыру

Қызықты жазбалар

Автордың басқа жазбалары

БӨЛІМ ТУРАЛЫ

БӨЛІМ ТУРАЛЫ

РАХЫМЖАН ВЕНЕРА ЕРЛАНҚЫЗЫ