Өз Отаныңды, туған тіліңді, түп-тамырыңды білмейінше нағыз патриот бола алмайсың.

Н.Ә.Назарбаев

Басты бет
Біздің жобалар
Конференция 2017 ноябрь -1.jpg

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

Алматы қаласындағы «АЛТЫН ГЛОБУС» республикалық ғылыми оқу-әдістемелік орталығы білім саласына енгізіліп жатқан жаңа реформаларды жүзеге асыруға үлес қосу мақсатында  республикамыздағы барлық мектеп және балабақша қызметкерлерінің арасында «Педагогтың кәсіби құзіреттілігі: оқытудың жаңа әдістерін біріктіру жағдайындағы педагогтың тың  инновациялық әдісі, теориясы,тәжірибесі» атты қашықтықтан республикалық конференциясын өткізеді.         Коференцияның мақсаты: ұстаздардың    республикалық машстабта педагогикалық тәжірибелерімен бөлісу тәсілдерін, біліктіліктерін арттыру, заманауи білім беру жүйесіне сәйкес жаңашыл педагогтарды анықтау, мұғалімдердің ғылыми қабілеттілігін арттыру.

     Қатысушы үміткерлердің өтініштері  2017 жылдың 25 қазаны мен 25 қараша аралығында  қабылданады.

          

(«Алтын глобус» Республикалық ғылыми оқу-әдістемелік орталығының ғылыми-әдістемелік кеңесімен бекітілген)

Педагогтың кәсіби құзіреттілігі: оқытудың жаңа әдістерін біріктіру жағдайындағы педагогтың тың  инновациялық әдісі, теориясы,тәжірибесі.

Профессиональная компетентность учителя: инновационный метод, теория и опыт учителя в контексте интеграции новых методов обучения.

Professional competence of the teacher: innovative method, theory and experience of the teacher in the context of the integration of new teaching methods.

 

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ЕРЕЖЕСІ

 

1. Ғылыми конференцияның мақсаты

Ұстаздарды  зерттеу және жобалау жұмыстарына баулу. Мұғалімдердің, тәрбиешілердің ғылыми жұмысқа қабілеттілігін, педагогикалық шеберлігін арттыру, үздік білім беру мамандарының жұмыстарын танымал етіп, жас педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру, мұғалімнің дарынды балалалармен және мектеп жасына дейінгі балалармен шығармашылық жұмыстарын дамыту,  ұстаздардың    республикалық машстабта педагогикалық тәжірибелерімен бөлісу тәсілдерін, біліктіліктерін арттыру, заманауи білім беру жүйесіне сәйкес жаңашыл педагогтарды анықтау, мұғалімдердің ғылыми қабілеттілігін арттыру.

Сабақ  беру және оқу материалдарын меңгеру сапасын анықтау үшін сыни тұрғыда бағалау. Сонымен қатар білім алушылардың біліктілік дағдысын, ойлау жүйесін дамыту үшін оқытудың жаңа әдіс- тәсілдері мен метепәнді сабақтастыра қолдану. Метапән – стандарттық білім мазмұнымен ғана шектелмей, әр пән сабақтарының ғылыми мазмұнын жүйелеп, талдап, анализдеп, зерттеу жүргізіп, өзіндік ой тұжырым жасауына және өзіндік іс-әрекетінің қалыптасуына, шығармашыл дамуына негіз болатын инновациялық әдіс болғандықтан педагогтардың ғылыми қабілеттілігінің арттыруға жағдай жасау.

2. Ғылыми конференцияның салалары

      Ғылыми конференцияға мектепке дейінгі білім беру орындары қызметкерлерінің, жалпы білім беретін оқу орындарындағы, балабақша тәрбиешілерінің, сонымен қатар арнаулы орта оқу орындарында оқытылатын барлық пәндер және т.б білім саласы бойынша ғылыми баяндамалар, ашық сабақтар, сабақ жоспарлары, ғылыми мақалалар  мен  ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері қабылданады.  Конференцияның қорытындысын шығаруды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары мен ғылым кандидаттары, білім бөлімінің арнайы мамандары жүзеге асырады.

Конференцияның аталымдары:

  • «Патриоттық тақырыптағы үздік ашық сабақ»;
  • «Үздік сынып сағаты»;
  • «Үздік әдістемелік жұмыс»;
  • «Үздік авторлық бағдарлама»;
  • «Үздік баяндама»;
  • «Үздік матепәндік әдіс қолданылған сабақ»;
  • «Үздік кіріктірілген сабақ жоспары».
  • Сонымен қатар конференциядан тыс жинаққа мақалалар қабылданады. 

3. Конференцияның жұмыс тілдері:   

Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі материалдар қабылданады.    

4. Конференция мақаласына қойылатын талаптар: 

 

ЭНЕРГИЯНЫ ТҰТЫНУ ЖҮЙЕСІНДЕ ЭНЕРГИЯНЫ ҮНЕМДЕУ

 

Кеулімжай Н.С.

------- облысы, -------ауданы, №---- мектеп

5. Ғылыми конференцияға өтініштер мен материалдарды қабылдау 

Ғылыми конференцияға материалдар 2017 жылдың 25  қазаны мен 25 қараша аралығында    altynglobus.kz@mail.ru    электронды почтасына қабылданады. Конференцияға қатысу құны- 3500тг.  Конференцияның материалдар жинағы- 3500. Материалдар жарнапұл түбіртегімен бірге қабылданады. Конференцияға 10 мұғалімнің материалын (жинақпен бірге) жинаған мұғалімге  конференцияның ғылыми жинағы мен сертификаты ақысыз беріледі.  Сонымен қатар ұйымдастырушыға алғыс хаттар табысталады.  Жинақ пен сертификаттарды жөнелту жинақ жарық көрген соң 10 жұмыс күнінің ішінде жүзеге асырылады.

6. Ғылыми конференция жеңімпаздарын марапаттау

Республикалық конференция нәтижесінде үздік жұмыстар анықталып марапатталады. 

«Үздік маман» төсбелгісі

Тарих, қазақ тілі мен әдебиеті мамандары үшін «Әлихан Бөкейханов»төсбелгісі  тағайындалады. 

І дәрежелі – сертификат+диплом, естелік сыйлық.

ІІ дәрежелі – сертификат+диплом, естелік сыйлық. 

ІІІ дәрежелі – сертификат+диплом, естелік сыйлық. 

Арнайы номинациялар тағайындалады. «АЛТЫН ГЛОБУС» республикалық ғылыми оқу-әдістемелік орталығының атынан арнайы жеңілдік сертификаттар табысталады. «Қазақ университеті» баспа үйнің атынан сертификаттар беріледі. 

Жеңімпаздар «Инноватор» Республикалық ғылыми-педагогикалық, мәдени-ақпараттық танымдық журналына жарияланатын болады. 

Барлық қатысушыларға арнайы үлгідегі сертификаттар беріледі. 

Біздің реквизит: 

Банк атауы: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ; БИК: HSBKKZKX   

    «АЛТЫН ГЛОБУС» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ» ЖШС

     БИН: 160940025861

     KZ 4277 0455 0014 7361 (Корпоративті карта)

     Кбе-17  КНП-861

      

Төлем ақы мақсаты: «Республикалық ғылыми конференция» (қатысушының аты-жөні мен төлемақы мақсаты міндетті түрде көрсетілуі тиіс).

       Байланыс телефондары:  8747 225 06 03(уатсап);  8775 058 44 68. 

 

ҚАТЫСУШЫНЫҢ ТІРКЕЛУ ФОРМАСЫ

Педагогтың кәсіби құзіреттілігі: оқытудың жаңа әдістерін біріктіру жағдайындағы педагогтың тың  инновациялық әдісі, теориясы,тәжірибесі.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ӨТІНІШ

 

Аты – жөні:
 
Мекен – жайы, индекс(міндетті)
 
Мақаланың саласы(пәннің аты)
 
Мақаланың тақырыбы:
 
Жұмыс орны:
 
Мекеменің электронды поштасы(міндетті)
 
Байланыс нөмірі (міндетті)
 

 

*Көрсетілген мәліметтер толық болуы тиіс.

Мекеме мөрінің орны,   мекеме басшысының/ орынбасарының қолы

Ілмексөздер:

0 пікір

Әзірге пікірлер жоқ

Пікір қалдыру

Қызықты жазбалар

Автордың басқа жазбалары

БӨЛІМ ТУРАЛЫ

БӨЛІМ ТУРАЛЫ

РАХЫМЖАН ВЕНЕРА ЕРЛАНҚЫЗЫ