Өз Отаныңды, туған тіліңді, түп-тамырыңды білмейінше нағыз патриот бола алмайсың.

Н.Ә.Назарбаев

Басты бет
Шұғыла шашқан шоқ жұлдыз
i2PXGo.jpg

САДЫРБАЕВ ҒАНИ КАДИРСИЗОВИЧ

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының  «Облыстық  халық шығармашылығы орталығы»  коммуналдық мемлекеттік қазыналық мекемесінің директоры

Садырбаев Ғани Кадирсизович– өз ісін жетік меңгерген іскер маман. Жамбыл облысының Жуалы аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы және Талас ауданы  әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

2014 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының  «Облыстық  халық шығармашылығы орталығы»  коммуналдық мемлекеттік қазыналық мекемесінің директоры қызметін жоғары біліктілікпен басқарып келеді.

Қазақ хандығының 550 жылдығына, Астана қаласындағы Жамбыл облысының күндеріне,  Кенен Әзірбаев атындағы «Шырқа, даусым!», Н.Тілендиев атындағы «Кел еркем, Алатауыңа», Ықылас Дүкенұлы атындағы «Жез киік» республикалық және басқа да дәстүрлі түрде өтетін конкурстар мен мемлекеттік мереке күндерін өткізуде жаңа бағдарламалар мен өзгерістер енгізді. Облыстағы «Халықтық» /үлгілі/ көркемөнер ұжымдарының жаңадан құрылуына қолдау көрсетіп, қазақ халқының ұлттық өнері мен мәдениетін кеңінен танымал етуге ұлтжанды азамат ретінде өзіндік үлесін қосты.

Ел  Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және 25 жылдығына орай мерекелік медальдарының иегері, Жуалы ауданы әкімінің «Құрмет» грамотасымен, Талас ауданы маслихатының  «Құрмет» грамотасымен Жамбыл облысы әкімдігінің «Құрмет» грамотасымен, Астана қаласы әкімдігінің және Жамбыл облысы әкімдігінің «Алғыс хатымен» марапатталған. 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай «Достық және ынтымақтастық» атты халықаралық экспедициясының керуенін жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Мәдениет және экономикалық ынтымақтастығының «Жаңа Жібек жолы» Халықаралық академиясының Алғыс хатына ие болған.

Ілмексөздер:

0 пікір

Әзірге пікірлер жоқ

Пікір қалдыру

Қызықты жазбалар

Автордың басқа жазбалары

БӨЛІМ ТУРАЛЫ

БӨЛІМ ТУРАЛЫ

РАХЫМЖАН ВЕНЕРА ЕРЛАНҚЫЗЫ