Өз Отаныңды, туған тіліңді, түп-тамырыңды білмейінше нағыз патриот бола алмайсың.

Н.Ә.Назарбаев

Басты бет
СӨЗ МЕРГЕНІ

БӨЛІМ ТУРАЛЫ


«СӨЗ МЕРГЕНІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНДЕРІНЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ


Жоба авторлары: Өскемен қаласы, Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатындағы Қанипа Бітібаева атындағы республикалық ғылыми зертханасы және «Алтын глобус» Республикалық ғылыми оқу-әдістемелік орталығы. 

Жобаның мақсаты:  

  • оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сауттылығын арттыру;

  • оқушылардың қазақ тілінің бай сөздік қорларын қолдана білуге баулу;

  • қазақ тіліндегі көнерген сөздерді осы байқау нәтижесінде қолдана отырып, оларды оқушы мен мұғалім санасында қайта жаңғырту;

  • мектеп оқушыларының Ұлттық бірыңғай тестілеу емтиханында қазақ тілі пәнінен жоғарғы нәтиже көрсетуіне ықпал жасау. 

Жоба өту барысы: 

Жобаға әрбір мектеп жеке қатысады. Орталықтан бекітілген арнайы қызметкерлер мектеп басшысымен келісе отырып әр сыныпқа жеке-жеке деңгейлік тапсырмалар беріледі. Бастауыш сыныптар үшін және 7-11 сыныптар үшін арнайы тапсырмалар беріледі. Мектеп бойынша «Сөз мергені» жобасының жеңімпаздарын анақтаған соң осы жобада үздік танылған оқушылар Өскемен қаласында өтетін Республикалық сайысына шақырылады. Ақтық сында сүрінбей оза шапқан жеңімпаздар марапатталатын болады. 


Жобаның тапсырмалары: 

«Сөз мергені» байқауы үшін арнайы қазақ тілі мен әдебиет саласы мамандарынан құрылған ғылыми-әдістемелік кеңес мүшелері әр сыныпқа арналған тапсырмалар базасын әзірлейді. Тапсырмалар тест түрінде, логикалық тапсырмалар түрінде, жазбаша және ауызша өткізіледі. Тапсырмалар қатысушылардың көзінше арнайы конверттерден ашылып, таратылады. 


Жобаның алғашқы нысаны: 

Ең алғашқы қатысушы ретінде Алматы қаласы, Бостандық ауданындағы №81 мектеп-гимназиясының оқушылары алынды. Келесі қатысуышылар өзге облыстардағы мектептерден болады.


 Жеңімпаздарды марапаттау: 

Байқауға қатысқан әр қатысушыға сертификат беріледі. Үздік деп танылған оқушылардың жетекшілеріне арнайы алғыс хаттар табысталады. Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орындар және арнайы жүлделер тағайындалады. Республика мектептері арасынан ең үздігі анықталады. Жеңімпаз мектепке арнайы кубок табысталады және мектеп ұжымы республикалық «ИННОВАТОР» журналының арнайы санында жарық көретін болады. 



Ілмексөздер:

0 пікір

Әзірге пікірлер жоқ

Пікір қалдыру

Қызықты жазбалар

СӨЗ МЕРГЕНІ

БӨЛІМ ТУРАЛЫ

Автордың басқа жазбалары

БӨЛІМ ТУРАЛЫ

БӨЛІМ ТУРАЛЫ

РАХЫМЖАН ВЕНЕРА ЕРЛАНҚЫЗЫ