Өз Отаныңды, туған тіліңді, түп-тамырыңды білмейінше нағыз патриот бола алмайсың.

Н.Ә.Назарбаев

Басты бет
Шұғыла шашқан шоқ жұлдыз
nfqGzb.jpg

ТІЛЕГЕНОВ БАҒДАТ БЕСПАЙҰЛЫ

Алматы қаласы,  Мәдениет және архивтер басқармасына қарасты «Алматы әуендері» КМҚК-ның директоры 

Тілегенов Бағдат Беспайұлы 1981 жылы Жезқазған қаласындағы музыка училищесін, 1986 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген.

Еңбек жолын Шымкент музыка училищесінде ұстаздық қызметтен бастаған. 1989 жылдан бастап, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының «Сазген» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің көркемдік жетекшісі. Осы жылдар ішінде ансамблдің шығармашылық өсуіне үлкен ықпал етті. Оның нәтижесі, Республиканың шет мемлекеттердегі мәдени күндерінде ансамбль көрермендер ризашылығына бөленіп келеді. Сондай-ақ, халықаралық фестиваль- конкурстың бірнеше рет бас жүлдені жеңіп алды.  Қырықтан астам шет мемлекеттерде мәдени күндер мен фестиваль-конкурстарға қатысқан. Ансамбль елімізге танымал КСРО халық әртістері: Бибигүл Төлегенова, Ермек Серкебаев ҚР  халық әртістері: Нұрғали Нүсіпжанов, Нұржамал Үсенбаева т.б. көптеген әншілерді сүйемелдеп, ел ризашылығына бөленіп келеді. «Алтынай» мемлекеттік би ансамбліне лайықталған «Қызғалдақтар» композициясы халықаралық фестивальдерде жүлделі орын иеленді. «Сазген» ансамбліне арнап өңделген ән-күйлер Италия мен Түркияда өткен фестивальдерде жоғары бағаланды.

    Сонымен қатар, Бағдат Беспайұлы Тілегеновтің ұйымдастыру қабілеті жоғары. Ол өзі басқарып отырған «Алматы әуендері» атты концерттік ұжымын құрды. Бұнда Эстрадалық-симфониялық оркестрі, Алматы қаласы Әкімінің концерттік оркестрі «Сазген сазы» фольклорлы-этнографиялық  ансамблі және «Самұрық» би труппасы жұмыс атқаруда. Олардың материалдық-техникалық базасы ұлғайтылып, қамтамасыз етілген.                 

     Тілегенов Бағдат Беспайұлы 2003 жылы Стамбұл қаласының «Құрметті жерлесі», 2001 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 10 жылдық медалімен, 2008 жылы «10 жыл Астана»  және 2015 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық» медальдармен марапатталды. Сондай-ақ, 2011 жылы Қазақстан Республикасының «Еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын алды.

      Бағдат Беспайұлы «Алматы әуендері» ұжымының басшысы ретінде фольклорлық-этнографиялық «Сазген сазы» ансамблінің және Эстрадалық-симфониялық оркестрінің,  «Самрұқ» заманауи би труппасының бағдарламасын ұлғайтып, соның нәтижесінде 2004 жылы Алматы қаласының Шаңқайда өткен мәдени күндерінде «Самрұқ» би труппасы және «Сазген сазы» ансамблі үлкен жетістікпен қайтты. 2005 жылы Үрімші қаласында өткен Алматы қаласының мәдени күндерінде «Сазген сазы» ансамблі көрерменнің ықыласына бөленді. Сондай-ақ, 2006 жылы АҚШ, Түркия, Австрия, Малайзия елдерінен, Қытайдағы қысқы олимпиададан және Түркия, Украинада өткен мәдениет күндері мен фестивальдардан аталған ұжымдар жетістікпен оралып, ол туралы баспасөзде хабарлады.

     2010 жылдан бастап, Дариға Назарбаевамен шығармашылық байланыста болып, Францияда, Монакода, Мәскеуде және Республикамыздың бірнеше қалаларында Бағдат Тілегеновтың басқаруындағы «Сазген сазы» ансамблдің сүйемелдеуімен концерттер берді. Бағдат Беспайұлы сондай-ақ  халқымыздың көне музыкалық аспаптарын ансамблдің құрамына жетілдіріп,  қосып отырды. Сонымен қатар ансамблдің киім үлгілерінде жаңашалап, жаңғыртып келеді.

   Ансамбль бағдарламасына келетін болсақ, халқымыздың сирек орындалатын ән-күйлеріне басымдау бағыт береді.  Бағдат Беспайұлының ықпалымен 2011 жылы республикалық бірінші «Ғасырлар сазы» дәстүрлі музыка фестиваль-конкурсы фольклорлық ансамблдер арасында өтті. Ал, 2015 жылғы бұл фестиваль-конкурстың ауқымы кеңейіп, қазақ хандағының 550 жылдығына арналып, халықаралық дәрежеде өз мәресіне жетті. Тілегенов мырзаның ел мәдениетін өркендетуге алда жоспарлаған мақсаттары көп.

  Бағдат Беспайұлы Тілегенов жоғарыда аталған және «Алматы әуендері» ұжымының кәсіподақ  ұйымында өтетін басқа да мерекелік шараларды білгірлікпен ұйымдастыру қабілетіне орай зор беделге ие.

Ілмексөздер:

0 пікір

Әзірге пікірлер жоқ

Пікір қалдыру

Қызықты жазбалар

Автордың басқа жазбалары

БӨЛІМ ТУРАЛЫ

БӨЛІМ ТУРАЛЫ

РАХЫМЖАН ВЕНЕРА ЕРЛАНҚЫЗЫ