Өз Отаныңды, туған тіліңді, түп-тамырыңды білмейінше нағыз патриот бола алмайсың.

Н.Ә.Назарбаев

Басты бет
Біздің жобалар
ІҮ Респуб-қ Тәуелсіз ел ұланымын байқауына-1.jpg

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ ҰЛАНЫМЫН

ҚР тұңғыш Президенті күні құрметіне, ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында республикамыздағы мектепке дейінгі және орта білім беретін мектеп оқушылары арасында дәстүрлі түрде ІV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ ҰЛАНЫМЫН» патриоттық байқауы өтеді.  Байқауға қатысу үшін өтініштер 10.10.2017-30.11.2017ж аралығында қабылданады. 

Байқаудың мақсаты: Елбасымыздың жүріп өткен сара жолын насихаттау арқылы келешек ел тұтқасын ұстаз азаматтардың бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Мектеп оқушыларының арасындағы талантты жастарды анықтап, оларды марапаттау. Шығармашылық жұмыстарын жұртшылыққа жариялап үлгі етіп көрсету. Өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиемен сусындатып, бала бойындағы шығармашылық қабілетті арттыру.

ІV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ ҰЛАНЫМЫН» ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ

Е Р Е Ж Е С І

1. Байқаудың мақсаты 

  • еліміздің әр өңірлеріндегі мектеп оқушыларының арасындағы талантты жастарды анықтап оларды марапаттау;
  • шығармашылық жұмыстарын жұртшылыққа жариялап үлгі етіп көрсету;
  • жасөспірімдерді  патриоттық тәрбиемен сусындатып, оларды егемен еліміздің ертеңгі тұтқасы болуға дайындау;
  • шығармашылық жұмыстарының көпшілік оқырманға танылуына ықпал жасау.

2. Байқаудың өту тәртібі

  • Байқауды өткізу және ұйымдастыру ісімен «Алтын қыран» Республикалық білім дамыту және мәдени шығармашылық орталығының ұжымы айналысады. Ұйымдастырушы орталық  қатысушыларды тіркеуді, жұмыстарды сараптауды, қорытынды шығаруды, марапаттауды жүзеге асырады.
  • Байқаудың жеңімпаздарын анықтау үшін әдебиет саласының өкілдерінен, өнер саласының, журналистика саласының өкілдерінен  тұратын арнайы әділ-қазылар алқасы құрылады.
  • Байқау жұмысына шағым байқау қорытындысы шығарылғаннан кейін 24 сағат ішінде қабылданады.
  • Байқауға жіберілген материалдар мен жұмыстар кері қайтарылмайды.
  • Байқауға келген жұмыстың түпнұсқалылығына жұмысты жіберуші жауапты.
  • Байқаудың марапаттау рәсімі жеңімпаздар анықталған уақыттан кейін он күн ішінде жүзеге асырылады.
  • Байқауға кез-келген білім ордаларының оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері қатыса алады.

 

     3. Байқауға қатысушылардың жас ерекшеліктері

  • Балабақша бүлдіршіндері
  • Кіші топ — 1-4 сынып;
  • Орта топ —5-7 сынып;
  • Жоғарғы топ — 9-11 сынып.

4. Байқау аталымдары

  • «Тарих тудырған талант» Елбасы туралы үздік шығармашылық жұмыстар аталымы (Бұл аталым екі жанр бойынша жұмыстарды қабылдайды: Елбасы туралы жазылған үздік шығарма және өлең(ақындық)). 
  • «Үздік патриоттық шығарма» аталымы (қатысушы Тәуелсіздік тақырыбында өзі жазған шығармасын ұсынады).
  • «Үздік патриоттық эссе» аталымы (қатысушы Тәуелсіздік тақырыбында өзі жазған эссесін ұсынады).
  • «Үздік патриоттық өлең» аталымы ( қатысушы тақырыпқа сай өз өлеңін + міндетті түрде еркін тақырыпқа құрылған бір өлеңін  жолдайды).
  • «Үздік патриоттық тақырыптағы сурет» аталымы (қатысушы өзінің төл туындысын сканерлеп ұсынады).
  • «Үздік патриоттық ән» аталымы (қатысушы өзінің патриоттық тақырыптағы тірі дауыста орындаған әнін видео нұсқада және өңделген әнді аудио нұсқада жібереді).
  • «Үздік патриоттық тақырыптағы презентация» аталымы (қатысушы өзінің тақырыпқа сай жасалған жұмысын жолдайды)
  • «Үздік патриоттық тақырыптағы қолөнер жұмысы» аталымы (қатысушы Қазпочта қызметі арқылы өз қолынан жасаған бұйымын жолдайды. Нақты ақпаратты телефон арқылы білсеңіз болады).
  • «Үздік патриоттық көрме» аталымы (мектеп немесе балабақша ұжымындағы технология, бейнелеу өнері пәндерінің бірлескен шығармашылық көрмелерін видео және фото нұсқада сипаттамасымен таныстырып жолдайды).

5. Байқау жұмысына қойылатын талаптар

  • «Тарих тудырған талант» Елбасы туралы үздік шығармашылық жұмыстар аталымы;
  • «Үздік патриоттық шығарма» аталымы;
  • «Үздік патриоттық эссе» аталымы:
  • Шығарма немесе эссе келесі бөлімдерден құрылуы тиіс: титул парағы, мазмұны немесе орындалатын жұмыстың қысқаша жоспары, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. Текст көлемі – 2-5 басылған парақ (Times New Roman, 12 шрифт, 1,5 интервал).
  • тақырыптың маңыздылығы мен толығымен ашылуы; (10 ұпай)
  • идея түпнұсқалығы; (10 ұпай)
  • ойдың дербестігі; (10 ұпай)
  • оқырманға эмоционалды әсері; (10 ұпай)
  • грамматикалық сауаттылық және стилистикалық сауаттылық. (10 ұпай)
  • Жалпы ұпай саны-50.
  • «Үздік патриоттық өлең» аталымы:
  • тақырыптың маңыздылығы мен толығымен ашылуы; (10 ұпай)
  • идея түпнұсқалығы; (10 ұпай)
  • ойдың дербестігі; (10 ұпай)
  • эмоционалдық әсер күші; (10 ұпай)
  • грамматикалық сауаттылық және стилистикалық сауаттылық. (10 ұпай)
  • Жалпы ұпай саны-50.
  • «Үздік патриоттық тақырыптағы сурет» аталымы:
  • суреттің тақырыпқа сай болуы; (10 ұпай)
  • суретші шеберлігі; (10 ұпай)
  • ойдың дербестігі; (10 ұпай)
  • эмоционалдық әсер күші; (10 ұпай)
  • бояу мәнері мен суретті сөйлете білу мәнері. (10 ұпай)
  • Жалпы ұпай саны-50.
  •  
  • «Үздік патриоттық ән» аталымы:
  • әннің тақырыпқа сай болуы; (10 ұпай)
  • әнді орындау мәнері, дауыс бояуы; (10 ұпай)
  • әннің сапалы өңделуі; (10 ұпай)
  • дауыс диапазонының кеңдігі. (10 ұпай)
  • видеоның сапалылығы (10 ұпай)
  • Жалпы ұпай саны-50.
  • «Үздік патриоттық тақырыптағы презентация» аталымы:
  • Презентацияның  тақырыпқа сай болуы; (10 ұпай)
  • Техникалық шеберлігі; (10 ұпай)
  • ойдың дербестігі; (10 ұпай)
  • эмоционалдық әсер күші; (10 ұпай)
  • Жалпы ұпай саны-40.
  • «Үздік патриоттық тақырыптағы қолөнер жұмысы» аталымы;
  • «Үздік патриоттық көрме» аталымы:
  •  
  • жұмыстың   тақырыпқа сай болуы; (10 ұпай)
  • техникалық шеберлігі; (10 ұпай)
  • ойдың дербестігі; (10 ұпай)
  • Патриоттық құндылықтарды жеткізе алуы (10 ұпай)
  • Жалпы ұпай саны-40

6. Байқауды қорытындылау және марапаттау

Байқаудың марапаттау рәсімі желтоқсан айында Алматы қаласында өткізіледі. Байқаудың барлық қатысушыларына және жетекшілеріне қатысқаны үшін алғыс хат беріледі. (Алғыс хаттар электронды түрде жолданады).

Байқаудың жеңімпаздары республикалық ғылыми-педагогикалық, мәдени-ақпараттық, танымдық «ИННОВАТОР» журналына жетекшілерімен бірге жарияланады. Сонымен қатар, сыйлық ретінде берілетін болады. 

Әрбір аталым бойынша Бас жүлде  - диплом,  байқау жеңімпазына арнайы тағайындалған «Ел үміті» төсбелгісі және бас жүлде иегеріне байқаудың тегін жинағы, естелік сыйлық.  Басты жүлде: автордың жеке шығармашылық жұмыстарын жинақ қылып шығару. Жеңімпаз оқушының жетекшісіне арнайы құрмет грамотасы беріледі. Ал бас жүлде иегерін дайындаған мұғалімге «ҮЗДІК МАМАН» төсбелгісі тағайындалады.

І орын(1)- диплом және естелік сыйлық+ жетекшіге құрмет грамотасы;

ІІ орын(2)- диплом және естелік сыйлық + жетекшіге құрмет грамотасы;

ІІІ орын(3)- диплом және естелік сыйлық + жетекшіге құрмет грамотасы;

Алғыс хат(4). Диплом және естелік сыйлық+ жетекшіге құрмет грамотасы.

Ерекше көзге түскен жеңімпаздарға берілетін арнайы жүлделер:

Байқаудың ақпараттық демеушісі болып табылатын «Алтын глобус» Республикалық ғылыми оқу-әдістемелік орталығының жанындағы «altynglobus.kz» порталының тілшісі куәлігі; (бұл куәліктің иегеріне өзінің шығармашылық жұмыстарын сайт бетінен жеке парақша ашылып, кез-келген тақырыптағы шығармашылық жұмысын жариялауға мүмкіндік беріледі. Бұл сайтқа ҚР Ақпарат және Коммуникациялар министрлігіне тіркеліп арнайы куәлік берілген.)

  • «Қанатты қалам» номинациясы
  • «Сәулелі ой» номинациясы
  • «Өткір тіл» номинациясы
  • «Орамды ой» номинациясы
  • «Қанатты қылқалам» номинациясы
  • «Жүйрік ой» номинациясы
  • Қатысушы үміткерлердің жұмыстары baikau.altynqyran.kz@mail.ru                                                                 электронды почтасына қабылданады.
    • Байқауға келіп түскен барлық қатысушылардың жұмысы арнайы «Тәуелсіз ел ұланымын» деген атпен жарық көретін Республикалық жинаққа енеді. Жинақты алу ақысы - 3500 тг. Сонымен қатар «Үздік патриоттық ән» номинациясының үміткерлерінің әндері арнайы дискте жарық көреді. Алу құны- 2000 тг. Қатысу жарнапұлы- 4000 тг. Жинақты алам деушілер қатысу құнымен бірге аударуы тиіс.
     Байқауға қатысу үшін қатысушы тарапынан  4000 тг көлемінде төлемақы төленеді. Төлемақы Халық банкі арқылы және Қазпочта арқылы жүзеге асырылады. 

     

     

     

     

    • Төлемақының мақсаты: Республикалық «Тәуелсіз ел ұланымын» байқауы. Төлемақы жіберуші түбіртекті сканерлеп, байқауға қатысу өтінішімен бірге жолдайды.
  • Біздің реквизит: 

    Банк атауы: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ; БИК: HSBKKZKX   

    «Алтын қыран» Республикалық білім дамыту және мәдени шығармашылық орталығы» ЖШС

    БИН/ИИН: 151040022578

    KZ396010131000249601-KZT

    Кбе 17

    КНП 861

    Қатысу үшін төлем жасау жөнінде және байқауға қатысты туындаған сұрақтар бойынша қосымша ақпарат алу телефондары:  8702-981-29-64; 8775-140-99-88 (Уатсап желісі арқылы хабарлама жазса болады).

    • Өтінішті толтыру үлгісі:
  • ІҮ Республикалық «Тәуелсіз ел ұланымын» патриоттық байқауына

    өтініш

    Қатысушының мекен-жайы(облыс, аудан, қала, ауыл):

    Оқу орнының ресми атауы:

    Оқушы(лар)дың  аты-жөні:

    Сыныбы:

    Жетекшісінің аты-жөні, байланыс нөмірі, электронды почтасы:

    Байқау аталымы:

    Байқау жұмысының атауы (шығарманың авторы міндетті түрде, суреттің атауы, әннің авторы):
     

    Пошталық адрес, индекс, байланыс телефондары:

    Сапалы фотосуреті

    *өтініште мәліметтер толық болуы тиіс. Қазпочта қызметіндегі  қателіктерге мекен-жайды жіберуші жақ жауапты. Анкета қате толтырылып, Қазпочта арқылы жетпей қалған жағдайда жіберуші жақ қайтадан төлем жасап марапаттарды алдырады.

Ілмексөздер:

0 пікір

Әзірге пікірлер жоқ

Пікір қалдыру

Қызықты жазбалар

Автордың басқа жазбалары

БӨЛІМ ТУРАЛЫ

БӨЛІМ ТУРАЛЫ

РАХЫМЖАН ВЕНЕРА ЕРЛАНҚЫЗЫ