Өз Отаныңды, туған тіліңді, түп-тамырыңды білмейінше нағыз патриот бола алмайсың.

Н.Ә.Назарбаев

Басты бет
ТӘУЕЛСІЗДІК - ТӘҢІРДЕН КЕЛГЕН ТӘТТІ СЫЙ!
Диплом шыгарма наминация.png

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ПАТРИОТЫМЫН!

                                                                     Шетсіз, шексіз, қиырсыз ұлы дала,

                                                                    Шуақ болып шашылмай жылына ма?

                                                                   Сүй, Отанды,

                                                                  Шыныңмен сүйіп өт те,

                                                                 Гүл боп қадал ойына, қырына да.

Мұқағали Мақатаев

 

Жоспар.

І Кіріспе.

  Тарих толқынындағы  Қазақстан.

ІІ Негізгі бөлім: Тұғыры биік тәуелсіздік.

1.Тәуелсіздіктің  жиырма бес жылындағы жетістіктер.

2.Бабалар аманатын сақтау- қасиетті парыз.

3.Болашақ-жастардың қолында.

ІІІ Қорытынды.

 "Мәңгілік Ел" ұланының мұраты.

Мен - бірлігі жарасқан, іргесі берік, болашағы айқын тәуелсіз Қазақстанның бақытты ұланымын.  Бүгінде егемендік пен елдіктің арқасында өткенімізді саралап, бүгінгімізді бағамдап, келешегімізді айқындап келеміз. Халқымыз сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан» бастап «Желтоқсан оқиғасына» дейінгі аралықта  небір нәубет заманды, тар жол, тайғақ кешкен сұрапыл сәттерді бастан өткеріп, мұқалмас рухы мен жасымас жігерінің арқасында тәуелсіздікке қол жеткізді. Азаттықтың ақ таңында халық өз тағдырын білікті де білімді, көреген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа сеніп тапсырды. Ел үмітін арқалаған біртуар Елбасы Қазақстанды тығырықтан алып шығып, әлеуметтік-экономикалық қуатының артуына  аянбай қызмет етіп, ел патриоттарын да ұлы іске жұмылдыра білді.   Тілі басқа болса да, тілегі бір, түрі басқа болса да, жүрегі бір әрбір қазақстандықты бір мақсатқа, Қазақстанның өркендеуіне жұмылдырған – "Мәңгілік Ел" идеясы.

      Тәуелсіздік – қазақ елінің баға жетпес байлығы.  Ең әуелі, ата-баба арманы орындалып, ел еңсесі көтерілді, ұлттық болмысымызды танытар әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер қайта жаңғырды. Тағдыр талайымен ел асып, жер ауып кеткен қандастарымыз атажұртқа оралды. Сонымен қатар, тағдырдың жазуымен  Қазақстанға келген өзге ұлт өкілдеріне құшағымызды кең жайып, кең пейілділік танытып, олардың тілі мен дәстүріне құрметпен қарадық. Олар да өз кезегінде Қазақстанның дамуына үлестерін қосты. Мемлекеттік рәміздеріміз айшықталып, төл теңгеміздің айналымға енуі, қазақ тілінің мерейлі мәртебесі елдігімізді нығайтты.  Елбасының бастамашыл ісімен, спорт, өнер, білім саңлақтарының түрлі додаларда топ жаруымен бізді алыс-жақын шет ел таныды. Шекарамыздың шегенделіп, ел тұрмысының жақсарып, халықтар достығын сақтауы, Сарыарқа төрінен әсем Астанамыздың бой көтеруі, халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесінің елімізде өтетіндігі – тәуелсіздіктің жиырма бес жылында жеткен жетістіктер, бағындырған биік белестер. Осындай ауқымды істер Отанын сүйген әр адамның патриоттық сезімін тереңдетіп, алғы күнге арманмен жетелемек!

       Қазақстан халқы – әлемге берекелі, бейбіт ғұмыр кешуімен, бірлігінің мықты болуымен үлгі болып келеді. "Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын",- деген елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының сөзінде қорғасындай салмақты ой жатыр. Әлемдік дағдарыс кезеңінде халықтың әл-ауқатын арттыру, өзге елде болып жатқан ұлтаралық араздық, лаңкестіктің біздің елде болмауы үшін, саяси-экономикалық тұрақтылықты нығайту, ел тыныштығын сақтау - әрбір азаматтың міндеті. Бұл сөзімді ақын Қалқаман Сариннің жасындай жарқылдаған жырларымен ұштастырмақпын.

                              ... Саған жету қиын болса қаншалық,

                              Сақтап тұру қиынырақ одан да!

                              Алла берген азаттықтың әр сәті –

                              Аманат қой

                              Маған,

                              Саған,

                              Оған да!

        Иә, жұртымның жанарынан жас кетіп, азаттықтың алтын бесігінде тербеліп, бабалар аманатының қасиетін ұғыну – «елім» деп соққан әрбір азаматтың парызы. Келешегіміздің кемел болуы- білімді де жігерлі жастардың қолында.

 Ел ертеңі – рухы биік, саналы да салауатты жастар. Білім мен еңбек – адамның қос қанаты. Бабалар аманатын ардақтап, Елбасының, ата-ананың үмітін ақтап, Қазақстанның, туған өлкемнің гүлденуіне, тәуелсіздіктің тұғырдан таймауына мен де өз үлесімді қосамын. Тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтап, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу үшін, барша қазақстандық бір мақсатта талмай еңбек етіп, біздер, жастар, білімнің биік шыңдарын бағындырсақ деймін. Өйткені, мемлекет жастарға үлкен қамқорлық көрсетіп, әлемдік білім беру кеңістігіне еніп, барынша жағдай жасап жатыр. Елбасы кезекті жолдауында: "«Мәңгілік Ел» – бұл өз атамекеніне деген сүйіспеншіліктің белгісі, қазақстандық патриотизмнің жоғары деңгейі, рух күші, Отанға адалдық, еліне шынайы берілгендік, азаматтық борыш!",- деген болатын. Менің арманым – Қазақстанның «Мәңгілік Ел» болу мұратын жарқын болашағыммен байланыстыру,  елімнің көркеюіне атсалысу, ұлттық құндылықтарды ардақтау. Қазіргі таңда мен оқу үздігі болумен қатар спорт, білім сайыстарында топ жарып жүрмін. Ендігі мақсатым- үш тұғырлы тіл саясатына байланысты тілдерді еркін меңгеріп, белгілі бір мамандық иесі атанып, Отанымның қарыштап дамуына, тәуелсіздіктің баянды болуына үлесімді қосу.

     Шығармашылық жұмысымды жауқазындай бүршік жарған жырларыммен көмкеріп, тәуелсіз еліме деген сүйіспеншілігімді өлеңмен өрнектемекпін:

                    Қандай бақыт! Елім бейбіт, егемен,

                    Алтын күннің шуағына кенел ел!

                    Тірегің боп қоссам үлес өзіңе

                    Рухым биік, мен шаттыққа бөленем!

Ілмексөздер:

0 пікір

Әзірге пікірлер жоқ

Пікір қалдыру

Автордың басқа жазбалары

БӨЛІМ ТУРАЛЫ

БӨЛІМ ТУРАЛЫ

РАХЫМЖАН ВЕНЕРА ЕРЛАНҚЫЗЫ