Өз Отаныңды, туған тіліңді, түп-тамырыңды білмейінше нағыз патриот бола алмайсың.

Н.Ә.Назарбаев

Басты бет
Шұғыла шашқан шоқ жұлдыз
Wp2uCT.jpg

ЖИНАКБАЕВА МУБАРАК КАСИМОВНА

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары

Жинакбаева Мубарак Касимовна – 7 сәуір 1965 жылы Жамбыл облысы, Шу қаласында дүниеге келген.   Еңбек жолын 1982 жылы Шу қаласында жұмысшыларды жабдықтау бөлімінде кондитер болып бастаған. 1983-1986 жылдары Шу қалалық комсомол комитетінің статисті, 1986-1987 жылдары Шу қаласы «Саламат» кинотеатрының әдіскері, 1987-1994 жылдары №24 СПТУ комсомол комитетінің босатылған хатшысы, Шу қалалық комсомол комитетінің хатшысы қызметтерін атқарған.

1994 жылы Шу қаласы әкімдігі аппаратының жетекші маманы болып тағайындалып, мемлекеттік қызметті бастайды. 1996-1999 жылдары  Шу қаласы әкімдігі аппаратының аға маманы, бас маманы, әлеуметтік сала және ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, 1999-2002 жылдары  Шу  қаласы әкімдігі аппаратының бөлім меңгерушісі қызметін атқарған. 

2002-2008 жылдары Шу  қаласындағы  Ы.Алтынсарин, Төле би атындағы  мектеп-гимназияларының  директоры болып тағайындалып,  білім саласына да өз үлесін қосты. Ы.Алтынсарин атындағы білім академиясының шағын жинақталған мектептерге арналған «Шоғырландырып қарқынды оқыту жүйесін» тарату бойынша эксперименттік алаңның жұмысын мектеп базасында ұйымдастырды. Екі мектеп-гимназиясының материалдық базасын нығайтуда, оқу кабинеттерін жабдықтау мен безендіруде демеушілік жасауға мектептің бұрынғы түлектерін жұмылдыра білді, оқу-тәрбие үрдісін жақсы жолға қоюда ұйымдастырушылық қабілетінің деңгейі жоғары болды.

2008-2014 жылдары аралығында Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарып, 2014 жылдан Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды. 

Мүбарак Жинақбаева еңбек еткен жылдары өзінің аса жоғары ұйымдастырушылық қабілетімен, терең білімімен,  ұтқыр ойларымен ерекше көзге түсті.

Қай іске болмасын шығармашылық тұрғыдан қарап, тыңғылықты орындау, өз ісіне деген сүйіспеншілік, еңбексүйгіштік, тынымсыздық пен қажырлылық, үлкен жауапкершілік Мүбарак Қасымқызының  еңбек жолындағы басты мақсат-мүддесі, ұстанымы болып табылады.

Осы жылдар бойы өзін тек қана жақсы маман ретінде ғана емес, сонымен қатар білікті басшы ретінде көрсетіп, көптеген шығармашылық табыстарға қол жеткізді. «Тараз қаласы күні», «Наурыз» ұлттық мереке, мемлекеттік мереке күндерін өткізуде жаңа бағдарламалар мен өзгерістер енгізді. «Асыл аналар» әжелер ансамблінің  құрылуына демеу көрсетті, аталған ансамбль «Халықтық»  атағына ие болып, дәрежесі көтерілді. «Асыл арна» вокалдық инструменталдық топтың, «Шың» фольклорлық ансамбльдің құрылуына қолдау көрсетіп, қазақ халқының ұлттық өнері мен мәдениетін кеңінен танымал етуге ұлтжанды азаматша ретінде өзіндік үлесін қосты. 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығының Таразда тойлану кезінде ұйымдастырушылық және үйлестірушілік қабілеті ерекше жарқырап көрінді. Ұлық той қарсаңында оның ұйымдастырған «Қазақ хандығы ту тіккен өлке» атты тарихи-мәдени экспедиция облыс халқының рухын көтеруге ерекше ықпал жасады.

Мүбарак Қасымқызының ұзақ жылдардағы еселі еңбегі ескеріліп, Қазақстан Республикасы «Ерен еңбегі үшін» медалімен, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мерекелік медальмен, ҚР Мәдениет министрлігінің, Тіл комитетінің құрмет грамоталарымен, ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне Жамбыл облыстық ассамблеясының  «Этносаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін» белгісімен және облыс әкімінің, қала әкімінің, «Нұр Отан» партиясының Құрмет Грамоталарымен, ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің, облыс әкімдігі мәдениет басқармасының Алғыс хатымен марапатталған.

2017 жылы ақпан айында Халықаралық мұражайлар кеңесінің комитеті заңды тұлғалар бірлестігі ИКОМ «Музей саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапаттады.   

«Нұр Отан» партиясының, Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының Жамбыл облысы филиалының  мүшесі, 1 қыз  тәрбиелеп отырған ана.

 Облыста өтетін көптеген ауқымды шаралар Мүбарак Қасымқызының тікелей ұсынысы және басшылығымен биік дәрежеде ұйымдастырылады. Ұжымда сыйлы, адамгершілігі зор, ақкөңіл, адал жан.

Ілмексөздер:

0 пікір

Әзірге пікірлер жоқ

Пікір қалдыру

Қызықты жазбалар

Автордың басқа жазбалары

БӨЛІМ ТУРАЛЫ

БӨЛІМ ТУРАЛЫ

РАХЫМЖАН ВЕНЕРА ЕРЛАНҚЫЗЫ