Өз Отаныңды, туған тіліңді, түп-тамырыңды білмейінше нағыз патриот бола алмайсың.

Н.Ә.Назарбаев

Басты бет
ЖАҢА ЕСІМ
slXb0o.jpg

ЖОЛДЫБАЙ ДІНМҰХАММЕТ ТАЛҒАТҰЛЫ

Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 «d» сынып оқушысы

Сынып белсендісі, ғылымға деген қызығушылығы өте жоғары оқушы. Ата-анасы мен мектеп мақтанышы. 3 жасынан бастап-ақ, №65 «Балбұлақ» атты үштілділік бала бақшасында балалар арасында ерекше көзге түсіп, көптеген жетістіктерге жеткен. Ол кездің өзінде қазақ және орыс тілдерін жетік меңгеріп, ағылшын тілін бастапқы деңгейде үйрене бастаған. Мектеп табалдырығын 2007 жылы №23 мектеп-лицейде аттап, алғашқы 3 сыныпты математика пәнінен бірнеше олимпиадаларға қатысумен үздік нәтижемен аяқтады. №80 жалпы орта мектепте 4 сыныпта мектепшілік олимпиададан 2 рет 1 орынды, республикалық кезеңде 3 орынды иеленген. 5 сыныпта оқушы өзін әдебиет пәнінен сынағысы келіп, Махамбет оқуларына қатысып, жүлделі 2 орынға ие болған. 6 сыныпта мектепшілік математика жарысында 1 орынды, республикалық деңгейде 2 орынды жеңіп алған. Жоғарыда атап өткен жеңістерінің арқасында, Франция елінің астанасы Париж қаласында өткен халықаралық математика сайысына жолдама жеңіп алып, онда 3 орын және Сорбонна университетіне грант жеңіп алды.

 2011-2012 оқу жылында «21 ғасыр көшбасшысы» сайысында 2 орын және физика пәні бойынша өткен олимпиадада 3 орын алып үлгерген Дінмұхаммет қала әкімінің жеке мадақтамасымен марапатталды. 2013 жылы Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне оқуға қабылданып, ғылымға деген құштарлығымен робототехника жарысында жүлделі 1 орында жеңіп алды. Сонымен қатар, фото-сурет бойынша Арт фестивалінда осы сала бойынша барлық номинацияда 1 орынды иеленді. 7 сыныпты аяқтағаннан кейін, математика пәні бойынша 2 рет халықаралық жарысқа қатысу мүмкіндігіне ие болып, Болгария елінде топтық сайыста 2 орын, ал жеке сайыста 1 орынды иеленді. 8 сыныпта Арт фестивальда фото-сурет бойынша 1 орынды жеңіп алды. Көптеген пәндік олимпиадаларға қатысуына қарамастан, оқу жылын үздік нәтижемен бітірді. 2014-2015 оқу жылы Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасы ұйымдастырған "Уақытқа бағынбайтын естелік" көрме байқауының ынталандыру сыйлығымен марапатталды. 2014 жылдың 28 қыркүйек күні Астана қаласында өткен Республикалық робототехника бойынша І желілік жарыста 3 орын иегері атанды. Ал халықаралық сайыста 3 орынды ұтып алды. Аталған жетістіктеріне байланысты Корея елінде болған ағылшын тілі курстарына қатысып, онда өз білімін шыңдай түсті десек те болады. 2015 жылдың 16-23 қыркүйек күні аралығында Қостанай қаласында өткен робототехника бойынша І желілік жарыстың 3 орын иегері атанды. 2016-2017 оқу жылында аймақтық информатика олимпиадасында 1 орын, қалалық экономика сайысында 3 орын, ғылыми-жоба сайысында 2 орын, робототехникадан 1 орынды иеленді. Алматы қаласында өткен INFOMATRIX-2017 халықаралық сайысында 1 орында жеңіп алып, SDU университетіне 50% жеңілдікке ие болды. Қазір квадракоптер тақырыбында жоба жұмысымен айналысуда

Ілмексөздер:

0 пікір

Әзірге пікірлер жоқ

Пікір қалдыру

Қызықты жазбалар

Автордың басқа жазбалары

БӨЛІМ ТУРАЛЫ

БӨЛІМ ТУРАЛЫ

РАХЫМЖАН ВЕНЕРА ЕРЛАНҚЫЗЫ