Өз Отаныңды, туған тіліңді, түп-тамырыңды білмейінше нағыз патриот бола алмайсың.

Н.Ә.Назарбаев

Басты бет
Таңдаулы тұлға
cydg2x.png

ЖЫЛТЫРОВА МЕЙРАМГҮЛ СӘРСЕНҚЫЗЫ

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, Аудандық «Оқушылар Сарайы», терме үйірмесінің жетекшісі

Жылтырова Мейрамгүл Сәрсенқызы - өз ісін жетік білетін тәжірибелі маман. Ол ізденімпаз, іскер, жаңашыл, өз ісіне ұқыпты жан, өзіне міндеттелген жұмысты тиянақты, уақытында жауапкершілікпен орындайды.Әр оқушыны жете зерттеп, олардың шығармашылық қасиеттерін арттыра отырып, қабілеті жоғары оқушыларға аса көңіл бөледі.Оқушылары республикалық , халықаралық «Ғұмырдария», «Асыл мұра», «Бала - өмірдің гүлі», Балалар шығармашылық байқауында жүлделі орындарға ие болды.

Мейрамгүл Сәрсенқызы –еңбек жолын бала тәрбиесіне арнаған тәжірибелі ұстаздардың бірі. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде ұлттық салт дәстүріміз бен ата-бабамыздан келе жатқан әдет-ғұрыпты сақтау және жаңғырту басты мақсат деп санайды. Оқушыларына сапалы білім , саналы тәрбие беру, туған Отанына қызмет етуге даярлау мақсатында аянбай еңбек етуде өз кәсіби міндетін айқын түсініп, ұшқыр ойы мен шығармашылық қабілетін үндестіре білу арқасында қызметін абыроймен атқарып келеді. Сол еңбегінің жемісі бағаланып, ҚР Білім беру ісінің үздігі, және Халықаралық ұстаздар Одағының мүшесі төсбелгісімен марапатталды.

        Еселі еңбегі, тәжірибесі, бала тәрбиесіне арналған игі істері көпшіліктің құрметіне, ыстық ықыласына бөленген және ел үшін атқарып келе жатқан қызметі өзінің лайықты бағасын алып келеді.Сан рет қаламыздың, облысымыздың , республика, халықаралық дәрежедегі байқаулардың Құрмет грамоталары мен марапаттау қағаздарына ие болған жан.

       Ақтөбе қаласында мұғалімдердің арасында өткен «Кәсіби шеберлік» байқауында II дәрежелі дипломмен, «Шеберлік сатылары» кәсіби шығармашылық байқауында II орын жүлдегері атанды.

Басқа да көптеген мерекелік іс-шараларға қатысып өз шеберлігін көрсетті.

Алматы қаласында өткен халықаралық «Бала-өмірдің гүлі» балалар мен оқушылардың фестивалінде Құрмет грамотасы мен халықаралық Ұстаздар Одағының мүшесі төсбелгісімен марапатталды.Республикалық « Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз» жинағына енді.

      Жылтырова Мейрамгүл Сәрсенқызы –шығармашылығы мол, ізденімпаз, жаңашыл өз қызметінің кәсіби маманы.

Ілмексөздер:

0 пікір

Әзірге пікірлер жоқ

Пікір қалдыру

Қызықты жазбалар

Автордың басқа жазбалары

БӨЛІМ ТУРАЛЫ

БӨЛІМ ТУРАЛЫ

РАХЫМЖАН ВЕНЕРА ЕРЛАНҚЫЗЫ