Өз Отаныңды, туған тіліңді, түп-тамырыңды білмейінше нағыз патриот бола алмайсың.

Н.Ә.Назарбаев

АРТ-ТЕРАПИЯ ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

«Алтын глобус» Республикалық ғылыми оқу-әдістемелік орталығы мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, философия және саясаттану факультеті, «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасымен ( http://www.kaznu.kz/kz/1806/page/) бірлесе «Формирование креативности у учащихся методами арт-терапии» атты тақырыпта қазақ және орыс тілінде мектеп педагогтарына, балабақша тәрбиешілеріне, психологтар мен әлеуметтік педагог мамандарға арналған республикалық психологиялық тренинг ұйымдастырды. Семинар-тренинг 12 мамыр күні  факультет базасында  өткізілді.

Тренингтің мақсаты: мектеп оқушыларының бойында шығармашылық қабілетті арттырып, түрлі тақырыптарда жұмыс жасай алуға тәрбиелеу. Сабақ барысында психологиялық әдістерді тиімді пайдалу арқылы оқушылармен қарым-қатынасқа түсу жолдарын арттыру. Мұғалімнің әр түрлі психологиялық жағдайға бейімделу қабілетін қалыптастыру.

Семинар-тренингтің модераторы- психология ғылымдарының докторы, профессор, арт-терапия және когнитивті-мінез құлық терепия саласында сертификатталған маман, арт-терапия саласындағы бірнеше еңбектерлің авторы, Қазақ Психологтар Ассоцияциясының тренері- Мадалиева Забира Бекешовна.

Тренинг барысында түрлі арт-терапиялық әдіс-тәсілдер мен ойын-техникаларын қолдану арқылы оқушылардың және мұғалімдердің шығармашылық белсенділігін қалыптастыру мен арттыру үшін іс-әрекеттер жасалды. Қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін ортаға салды.

Тренинг соңында барлық қатысушылар ұ йымдастырушыларға өз ризашылықтарын  білдірді. Тренинг соңында барлық қатысушыларға арнайы үлгідегі сертификаттары табысталды. Және ұйымдастырушыларға ҚазҰУ әкімшілігі атынан арнайы алғыс хаттар табысталды.

 

Абай Шүиіншәли