Өз Отаныңды, туған тіліңді, түп-тамырыңды білмейінше нағыз патриот бола алмайсың.

Н.Ә.Назарбаев

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ИННОВАТОР» ЖУРНАЛЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТТІ

Алматы қаласы, «Алтын қыран» Республикалық білім дамыту және мәдени шығармашылық орталығының бастамасымен ҚР Ақпарат және Коммуникациялар Министрлігі, Байланыс, ақпараттандыру және Бұқаралық Ақпарат Құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетіне қарасты «Инноватор» республикалық ғылыми-педагогикалық, мәдени-ақпараттық, танымдық бағыттағы журналының тұсаукесер рәсімі болып өтті.

Журналдың жарық көрген алғашқы санының тұсау кесу құрметіне әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, философия және саясаттану факультеті, «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының меңгерушісі, психология ғылымдарының докторы, профессор Мадалиева Забира Бекешовна ие болды.

Еліміздің әр түкпірінде қызмет етіп жүрген кәсіби шеберлігі мол, жаңашыл, жаңа форматтағы мәдениет, кітапхана, білім саласындағы қызметкерлердің тынымсыз еңбектері мен өнегелі істерін қоғамға  танымал етіп, «алдыңғы толқын» аға буынның игі істерінен өнеге алып, жалғастырып өсетін өскелең ұрпақты баулуда да журналдың тағылымдық маңызы зор.

Бұл журнал мектепке дейінгі білім беру, мектеп, арнайы, жоғары оқу орындарының мұғалімдері мен оқытушыларына, мәдениет пен кітапхана қызметкерлеріне, ізденімпаз оқырмандарға арналған.

Редакцияның ақылдастар алқасы төмендегі құрам бойынша бекітілді: 

Сапарғалиева Назым Сапарғалиқызы- биология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің доцент міндетін атқарушы.

Жұмаділова Роза Нұрмұхамбетқызы -педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚР Білім беру ісінің  құрметті  қызметкері,  Ы.Алтынсарин медалі иегері, «Аға мұғалім». 

Мукашева Меруерт Козыкановна- Қанипа Бітібаева атындағы Республикалық ғылыми зерттеу зертханасының жетекшісі.

Жоламанова Жансая Садуакасовна- Алматы қаласы, Бостандық аудандық білім бөлімінің бас маманы. 

Сатыбалдиева Гүлмира Калмашевна- Астана қаласы, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, «Экология» кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, PhD- доктор. 

Ержанова Айғаным Сайлаужанқызы- №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжінің педагогика және өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы, ғылыми жұмыстар жөніндегі әдіскер.

Рыспаева Кульчат Мукатаевна-Алматы қаласы, №87 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі.

ХХІ ғасыр-рухани жаһандану ғасыры, білім мен ғылымның, ақпараттың дамыған ғасыры. Жаһандану заманы әлемдік білім беру кеңістігіне қанат қаққан еліміздің экономикасына ғана емес, білім беру жүйесіне де өз ықпалын тигізуде. Бұл журнал-мұғалімдердің, тәрбиешілердің ғылыми жұмысқа қабілеттілігін, педагогикалық шеберлігін арттыру, жас педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру, мұғалімнің дарынды балалалармен және мектеп жасына дейінгі балалармен шығармашылық жұмыстарын дамыту,  ұстаздардың    республикалық машстабта педагогикалық тәжірибелерімен бөлісу тәсілдерін кеңейтіп, заманауи жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес жаңашыл педагогтарды қалыптастыру жолында өз үлесін тигізеді деген сенімдеміз!

Журналдың бас редакторы

Шүиіншәли Абай Серікұлы