Өз Отаныңды, туған тіліңді, түп-тамырыңды білмейінше нағыз патриот бола алмайсың.

Н.Ә.Назарбаев

«Altynglobus.kz» қазақ тіліндегі республикалық ғылыми-әдістемелік, мәдени-ақпараттық, білім порталының редакциясындағы  ғылыми-әдістемелік кеңесі

 

  • «Алтын глобус» Республикалық ғылыми оқу-әдістемелік орталығының директоры, Altynglobus.kz» қазақ тіліндегі республикалық ғылыми-әдістемелік, мәдени-ақпараттық, білім порталының бас редакторы Шүйіншәли Абай Серікұлының бұйрығы бойынша редакциялық ғылыми-әдістемелік кеңес құрамы тағайындалады.
  • Ғылыми-әдістемелік кеңестің төрағасы, бас редактор -Шүйіншәли Абай Серікұлы.
  • Ғылыми-әдістемелік кеңестің мүшелері порталда жүргізілген жобаларға сәйкес өзгеріп, жаңадан сайланып отырады.
  • Ғылыми-әдістемелік кеңестің құрамына елімізге белгілі беделді ЖОО-ның магистранттары, аға оқытушылары, ғылым кандидаттары мен доценттер, білім бөлімдерінен арнайы мамандар, мектептің жоғарғы санатты және білікті мамандары, балабақшаның жоғарғы санатты тәрбиешілері, балабақша меңгерушілері, кітапхана және мәдениет саласының өкілдерінен, әдебиет, өнер және филология саласы мамандары енгізіледі.
  • Сонымен қатар байқауларда өзінің біліктілігін танытып, ерекше қабілетімен дараланған мамандар арнайы ұсыныспен ғылыми-әдістемелік кеңес мүшелерінің құрамына енгізіледі.
  • Порталда ұйымдастырылған әр жобаны, және орталықтың басқа мекемелермен бірлесе отырып өткізген жобаларының заңды түрде ережеге сәйкес жүзеге асуын қадағалайды. Қорытынды шешімдерін шығарып, жеңімпаздарды анықтайды.
  • Порталда жарияланатын мақалалар мен материалдардың сапасына жауапты болады.