Өз Отаныңды, туған тіліңді, түп-тамырыңды білмейінше нағыз патриот бола алмайсың.

Н.Ә.Назарбаев

«Тіл жұмсар» атауы қазақ тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының тіл туралы жазылған оқулығы негізінде алынды.  Бұл бөлімде Ахмет Байтұрсынұлының мұралары, тіліміздің қалыптасуы мен тұрақтануы жолында жасаған еңбектері насихатталады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім ордаларының тәрбиеленушілеріне, мектеп оқушыларына арналған, мектеп және балабақша педагогтарына арналған тілді дамыту үшін ұйымдастырылған байқаулар жүзеге асырылады. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білім Институтымен бірлесе отырып өтініштерді қабылдайды. Және институттағы Байтұрсынов мұралары жариялана бастайды.